Астанада "7 континент" бизнес орталығының ондаған кәсіпкері рұқсат етілген митингіге шықты. Олар өз мүліктерін қорғау үшін Қазақстан президенті мен бас прокуратурадан көмек сұрады.
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың «телеарна тілшілерінің кәсіби біліктілігі төмен» деген сөзін естіген БАҚ өкілдері «бұған мемлекеттік саясат кінәлі» деп біледі.
Астана оқушыларын діни экстремизмнен сақтандырған мамандар "намаз оқитын көршілерін полицияға хабарлау" туралы да өтініш айтты.
Қуғындағы оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтің серігі саналатын, "Қазақстан билігі Түркиядан алдырды" деген Жақсылық Жарымбетов "Әблязовтің қылмысына қатысы жоғын" айтады.
Астана жанындағы Қоянды ауылына электр қуаты біресе беріліп, біресе берілмейді. Электр мекемесі тұрғындар қарызын алға тартса, тұрғындар ақшаны уақтылы төлейтіндерін айтады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде телеарна арқылы үндеу жасады.
Астана соты журналист Бигелді Ғабдуллиннің бас бостандығын бес жылға шектеп, сот залынан босатты. Ол еркіндікке «президент Назарбаевтың арқасында шыққанын» айтады.
Астанада қаңтардың 23-і және 24-і күндері Сирия қақтығысы бойынша халықаралық келіссөздер өтеді.
Журналист Бигелді Ғабдуллин лауазымды адамдардан қаржыны қандай қисынмен алғанын түсіндірді. Ал сот ісіндегі кей куәгер оның «ақша талап етпегенін» хабарлады.
Астана әкімшілігінде көлік құрылымын жетілдіру жайлы қоғамдық тыңдау өтті.
Қазақстанда президент қаулысымен көші-қон қызметі комитеті ішкі істер министрлігі құрамында қайта құрылып, алдағы бес жылға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленетін болды. AzattyqLIVE сауалдарына қоғам белсендісі Ауыт Мұқибек жауап берді.
Таңертең Астанадағы теміржол вокзалы алдындағы автотұраққа кірер және шығар жерде көліктер жиналып, ұзын-сонар кептеліс болды. Бұған дейін тегін болған бұл автотұрақ бүгіннен бастап ақылы. Астана, 10 қаңтар 2017 жыл.
2016 жылы Қазақстанның бірнеше қаласында жер заңына енгізілген түзетулерге қарсы шерулер өтті. "Жер шерулері" туралы Азаттық шолуы.
2016 жылғы жұрт назары ауған оқиғалардың бірі шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің сотталуы болды. Ол өзіне тағылған айыптардың біреуін – «заңсыз қару ұстағанын» ғана мойындаған.
Биыл сайланған парламент мәжілісі қандай заң жобаларын қарастырды? Заң жобасын талқылағанда сайлаушылар мүддесі қалай қорғалды? Парламент жұмысына қоғам көңілі тола ма? AzattyqLIVE тақырыпты саясаткер Зәуреш Батталовамен талқылады.
Алдағы жексенбі күні Қырғызстан халқы билік мен оппозицияның дауына себепкер болған конституциялық өзгеріске дауыс береді.
Азаттық Түркіменстандағы тілшісінің ұсталуын айыптап, журналистің қуғындалуын оның кәсіби қызметімен тікелей байланысты деп біледі.
Өзбекстанда желтоқсанның 4-і күні өткен президент сайлауында Шавкат Мирзияев 88,6 пайыз дауыс жинаған.
Алматыда өзгерген көше атаулары кейбір тұрғындарды қуантса, кейбірінің болжамы дәл шықпады.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей мен Қазақстандағы әріптестері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың "екінші мерзімге сайлану" туралы өтініштерінен бас тартқанын айтты.
Тағы