Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының жанында ірі су құбырларын ұрлап әкеткелі жатқандар құрыққа ілінді. Полиция енді бұл қылмысқа тапсырыс берушілерді іздестіріп жатыр.
Қарағанды облысындағы Абай ауданының тұрғыны Висади Тушиев 5 жыл бойы Терентьев деген азаматтың еңбегін пайдаланып, оны құлдықта мәжбүрлеп ұстап отырған.
Әлемдегі дағдарыстан «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс деңгейі де төмендеп барады. Теміртауда болған вице-премьер Өмірзақ Шүкеев кездесудің басты мақсаты қалыптасып отырған жағдайдан шығу жолдарын бірлесіп қарастыру дегенге назар аударды.
Қазақстанда Көкшетау мен Талдықорған қалаларынан өзге жерлерде ойын бизнесіне тиым салынғанымен, басқа қалаларда заңсыз жұмыс істейтін казинолар арагідік кездесіп қалады.
Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы 65-ші шахтада апаттан қаза болған кеншілердің отбасыларына ұжымдық келісімшартта жазылған ережелерге сәйкес көмек көрсетілетін болады.
Осыдан бір жыл бұрын қаладағы қаңырап бос қалған көпқабатты 100-ге тарта үйді жергілікті билік шешім шығарып, "қала көркін бұзып тұр" деген желеумен бұзған болатын. Жақында Шаханда тағы да дүмпу мен шаң - тозаң қайта басталды.
Қарағанды қаласында жалғыз басты қарттың пәтерін иемдену мақсатымен оны өлтіру үшін 700 долларға "кісі жалдаған" азаматша заң алдында жауапқа тартылды.
Балқаш қаласына 100 килограмм есірткі алып бара жатқан жолда ұсталған қылмыскерді сот 5 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда прокуратура бұл үкіммен келіскен жоқ.
Дәрігерлер Қарағандыдағы 25 -ші орта мектепте денсаулықтары нашарлаған балалардың ішек инфекциясына шалдыққанын анықтап, оларды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды.
Шахтинск қаласында мектеп оқушылары дәрі - дәрмектің кейбір түрін есірткі ретінде қолдануды әдетке айналдырған. Соның бірі тек рецептімен сатылуы тиіс трамадол дәрісі екен.
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында жылап, мазасын алған баласына пышақ жұмсаған әйелге қарсы қылмыстық іс бойынша сот ісі аяқталды.
Қарағанды облысының Саран қаласында 15 шақты үй биылғы қыста жылусыз қалатын түрі бар. Оның себебі жылумен қамтамасыз ету міндетін мойнына алған жеке кәсіпкер жылу бағасын қымбаттатып жіберген.