Қырғызстандық журналистер елдің оңтүстігіндегі азшылық өзбектер мен қырғыздар арасындағы этникалық қанды қақтығыс туралы хабар бергенде бейтарап бола алмады деген сын айтылып жатыр. Ақпарат құралдарын бақылаушылар қырғыз тілінде жаңалық таратушыларды ұлтшылдық бағытта, әрі біржақты хабар беріп, араздықты қоздырды деп айыптап отыр.