Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне қарағанда, бүкіл әлемде жылына 15 миллион сәби айы-күні толмай дүниеге келеді. Олардың 1,1 миллионы туа сала шетінеп кетеді. Ал Қазақстанда 2010 жылы 30 мың 400 нәресте уағына жетпей туған, оның 2 мың 200-і көз жұмған.