Жанар-жағар май бағасы өскен соң Пәкістан сығымдалған табиғи газды ең көп тұтынушы елге айналып шыға келді. Табиғи газ бензин, дизель және сұйытылған газға қарағанда арзан, әрі қоршаған ортаны аз ластайды. Алайда қазір оны жаппай, ретсіз тұтынудың кесірінен газ жетіспеушілігі туып, апаттар көбейді.