Шілденің 31-інде Ақтөбеде маңындағы Қызылжар ауылындағы саяжайда болған атыста көз жұмған полиция офицері Рүстем Кенжалинді соңғы сапарға шығарып салды. Осы атыста қарсы жақтан қаза тапқан азаматты жас діндарлар алып кетті.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында Әділхан Ешниязов жерленді. Ресми болжам бойынша, ол өзін-өзі өлтірген. Бірақ марқұмның жақындары «Әділхан полиция бөлімшесіндегі азаптаудан соң қайтыс болды» деседі.
Шұбарши, Сарыкөл және Кеңқияқ ауылдарында екі полиция қызметкерін өлтіргендерге қарсы арнайы операция барысында қаза тапқандар жерленді. Бір ауылдан екінші ауылға ағылған жұрт қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып жатты.
Темір ауданындағы атыста қаза болған арнайы жасақ қызметкері Руслан Жолдыбаев бүгін жерленді. Ал арнайы операция барысында полицияның оғына ұшқан Кеңқияқ тұрғыны «қарсылық көрсетті» дейді билік орындары.
Шілденің 1-іне ауған түні Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылындағы атыста екі полиция қызметкері қаза тапты. Оқиға орнында оқ атқандарды қолға түсіру үшін ауқымды шара басталды. Оқ атқан, «уаххабит» делінетіндердің туыстары тергеуге алынды.
Ақтөбедегі мұсылмандардың бейресми шағын тобының мүшесі болған Рахымжан Махатовтың сүйегі мамырдың 20-сы күні жерленді. Ол мамырдың 17-сінде Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратында бомба жарып, өзін-өзі мерт қылған еді.
Өзін-өзі жарған Рахымжан Махатовтың әйелі Мейрамгүлді ұлттық қауіпсіздік комитеті сол күні-ақ қамаған. Туыстарының айтуынша, оны күйеуін жерлеген соң шығарады.
Мамырдың 17-сі күні Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде болған жарылыстан үш адам жараланды. Ал өзін-өзі жарған жігітті танитындар ол туралы жақсы сөздер айтады.
Ақтөбеде осыдан жиырма жыл бұрын Ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнату жөнінде уәде беріліп, арнайы тас қойылғанымен, бұл ескерткіш әлі тұрғызылған жоқ. Ал саябақтың аты «Ленин», «Абай», «Тұңғыш президент атындағы» болып үш рет өзгертілді.
Атырау облысындағы Сарықамыс ауылы 2005 жылы экологиялық жағынан қауіпті деп таратылған еді. Ауыл тұрғындарын қала типтес кент пен қалаға көшірді.
Көбінесе алыс ауылдардан келген жас қыздар ақшасы жоқтықтан, ұят санағандықтан некесіз туған балаларын тастап кетеді. Сол қыздардың біреуінің айтуынша, қыздар жүктіліктен сақтанудың жолдарын білмейтін көрінеді. Тастанды ауру балаларды шетелдіктер асырап алады.
Совет әскерінің екінші топтағы мүгедегі Шәміл Айметовтің соғысқа қатысушы ретінде коммуналдық жеңілдік алу үшін сергелдеңге түсіп жүргеніне үшінші жыл болды. Алайда Ақтөбе шенеуніктері оның мұндай жеңілдік алатын жөні жоқ деп отыр.
Ақтөбеде анау-мынау мерекеден еш кем түспейтін ас беру рәсімі сәнге айналып барады. Жоқшылық қысқан қарт адамдар «ас беріледі» деген хабарды аңдып жүріп, аш қарынды жұбатып, қалған асты салып әкетуге тырысады.
Арқалық түрмесінде «терроризм» айыбымен сотталған тұтқын Азамат Кәрімбаевтың өлі денесі табылғанына биыл желтоқсанның 23-і күні тура бір жыл толды. Алайда марқұмның «ақтық хатына» жасалған сараптама нәтижесі әлі күнге дейін белгісіз.
Ақтөбе облысында жаңа туған балаға шетел сериалдары кейіпкерлерінің атын қоюға құмар жұрт әлі де бар. Бірақ ата-аналар қазір мұсылман есімдерін көбірек таңдайтын болды. Ұлға қоятын саяси есімдердің арасындағы танымалы – Нұрсұлтан болып тұр.
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы ауылды жаппай жұмыссыздық жайлаған. Жастар жағы күнкөріс іздеп қалаға кеткен, ауылда қалғандары үйлерінде бос отыр. Ал жұмысы барлары еңбекақыны уақытында ала алмайды.
Ақтөбе облысында шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында болған төбелестің мән-жайын полиция тергеп жатыр. Қақтығыс салдарынан алты қытай азаматы әртүрлі жарақатпен облыстық ауруханаға түскен. Олардың екеуіне оқ тиген.
Ақтөбеде тұңғыш президент атындағы саябақ ашылды. Бұл идея осыдан бір жыл бұрын жергілікті профессор Закратдин Байдосов Нұрсұлтан Назарбаевқа өмір бойғы президент атағын беру туралы ұсыныс жасаған кезде пайда болған еді.
Түрмеде қаза болған Азамат Кәрімбаевтың әйелі жарты жылдан астам уақыттан бері қолтаңбалық сараптама жұмысының нәтижесін біле алмай отырғанын айтады. Күйеуін азаптау құрбаны болды деп санайтын ол, марқұмның денесінде күмәнді дақтар мен жарақаттар байқалатын бейнежазбаны интернет арқылы көпшілік назарына ұсынып отыр.
Ақтөбе облысында ата-аналардың балаларын ауруға қарсы ектіруден бас тарту оқиғалары жиілеп кетті. Ата-аналар болса, вакциналардың сапасыздығын айтып, шағынады. Алайда мәселенің төркіні діни консерватизмде жатқаны байқалады.
Тағы