Ақтөбеде мемлекеттің қорғауындағы куәгер қыз жұмбақ жағдайда қаза болды. Оны арнайы пәтерде күзеткендер сол күні мас болатын дейді оқыс оқиға болған үйдің тұрғындары. Полиция марқұм өз-өзіне қол салған деген болжам бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Лаңкестікке қатысты айыпталып, сотталған ақтөбелік үш жас жігіттің адвокаттарының берген апелляциясы кері қайтарылды. Процесс ашық болғанымен, судья суретке түсіруге рұқсат бермеді. Сотталғандардың адвокаттары айыпкерлердің азап көргенін айтады.
Некесіз бала тапқан жас әйелдер қиын жағдайға тап болады. Олардың бірі жезөкшелікке салынып кетсе, екіншісі қайыр сұрап жүр. Үшіншісінің ата-анасы немерелерін асырап алғысы келгенімен, оны рәсімдеудің әуре-сарсаңы көп.
Ақтөбе облысындағы Шұбаршы ауылында наурыздың 1-іне қараған түні Қазақстан президенті отбасының шетелдегі жылжымайтын мүліктері жайында үнпарақтар таратылды. Енді оппозициялық партия белсендісінің азапталғандығы жайында айтылуда.
Түркменстаннан атажұртқа қоныс аударған Күнібай Оразалиевтің отбасы Ақтөбе облысында тұрады. Оралмандар өз құқықтарын және көмек алу үшін кімге өтініш жасарын білмейді. Өндірісте жұмыс кезінде жарақаттанған отағасы ол үшін ешқандай өтемақы алмаған.
Тіл-құлағы кеміс балаларға арналған мектеп-интернаттың түлектері қандай да бір мамандық иесі бола алады, бірақ Ақтөбе облысында олардың жоғары білім алуға мүмкіндіктері жоқ.
Ақтөбе облысының Шұбаршы ауылында жақын-жуығы Азамат Кәрімбаевты ақтық сапарға шығарып салды. «Терроризм» айыбымен сотталған ол желтоқсанның 23-күні Арқалық түрмесінде көз жұмған еді.
Терроршылдық айыбы бойынша сот үкімімен 17 жылға кесіліп жазасын өтеп жатқан ақтөбелік ауыл тұрғыны Азамат Кәрімбаев Арқалық түрмесінде қаза болды.
Алматыдағы жастар шеруі күшпен басылған соң 1986 жылдың 20 желтоқсанында Алға қаласында үш дос өз қарсылықтарын білдірді. Олар кейбір үйлердің қабырғаларына ұрандар жазды. Бірақ, көп ұзамай оларды ұстап алып, түрмеге тоғытты.
Соңғы жылдары отбасын әдеттегідей шешелері емес, әкелерінің бір өзі тәрбиелейтін жағдайлар жиі кездесе бастады. Жалғызбасты әкелер әлеуметтік органдарға өтінішпен сирек барады. Жалпы, жалғызбасты ата-аналарға әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылмаған.
Ақтөбе облысындағы Ойыл ауылының тұрғыны, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 88 жасар Ахметбек Нұрмановтың ақталып, бұрынғы әскери және саяси тұтқын атағынан құтыла алмай келе жатқанына бірнеше ондаған жылдардың жүзі болды.
Батыс Қазақстандағы алты «лаңкеске» қатысты істің жай-жапсары Азаттық радиосына белгілі болды. Асығыс өткізілген соттан кейін «уаххабшылардың» адвокаттары олардың туыстарын апелляциялық шағым бермеуге үгіттеуде.
Достары мен жақындары Мақсат Айтбаевты 2008 жылғы 7 шілдеде Ақтөбе вокзалынан Америкаға шығарып салған болатын. Тоғыз айдан соң олар Мақсаттың сонау алыс елде өзін-өзі өлтіргенін естіді. Оны білетін адамдар Мақсаттың өзіне-өзі қол салғанына сенбейді.
Ақтөбе облысының Алға қалашығындағы балалар үйінде өскен Мақсат Айтбаевты Америкадағы отбасы асырап алған еді. Бірақ, Алғада басталған күйзеліс баланы көпке ұзатпады.