Қырғызстан парламентінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы келісімді қарауды кейінге қалдырды. Екі ел арасында шекараның үш тұсына және Шу өзеніне қатысты шешімін таппаған мәселелер бар.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев билік партиясына төраға болып сайланды. Партия съезінде ол Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке «достық сын» айтты. Сарапшылар «бұрынғы және қазіргі президенттер арасында қайшылық байқалғанын» айтады. Кейбірі мұны «үлкен конфликті» десе, өзгелері «коллизияға» балайды.
Қырғызстан парламентіндегі "Қырғызстан" фракциясы Алматыда депутат Дамирбек Асылбекуулының ұсталғанына байланысты мәлімдеме таратты.
Өткен айда Қырғызстанда жиналған төлем көлемі күрт ұлғайған. Ош кеденінде түсімнің 10 есеге өскені белгілі болды.
2017 жылы Қазақстанның Орталық Азиядағы көршілерімен қатынасында өзгерістер байқалды. Ресми Астана Ташкентпен қатынасын жақсартқанымен, Бішкекпен кикілжіңге барды.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Өзбекстаннан кейін Қазақстанға ресми сапармен келуін сарапшылар салқындықтың салдарын айықтыру қадамы ретінде бағалайды.
Қырғызстандық НТС телеарнасына сот орындаушылары келіп, компания мүлкін бұғаттау туралы сот ұйғарымын таныстырды. Бұл телеарна саясаткер, президенттікке кандидат болған, Жогорку Кенеш депутаты Омурбек Бабановқа тиесілі деп сипатталады.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков шетелдерге алғашқы сапарын аяқтады. Ол Мәскеу мен Минскіге барып, қызметіне кіріспей тұрып туындаған кей проблемаларды шешті. Азаттықтың «Енді әріптес елдермен қатынас реттеле ме?», «Жаңа басшы өзін қалай көрсетті?» деген сұрақтарына саясаттанушы Марс Сариев жауап береді.
«Хабар» телеарнасы қарашаның 29-ы «Миссия миротворца. Кыргызский разлом» деген, Қырғызстандағы 2010 жылғы төңкеріс кезінде Қазақстан президенті Назарбаевтың бітімгер рөлін атқарғаны жайлы фильм көрсетті. Фильмде Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев көтерілісшілердің «іш киіміне дейін алып қалғанын» «ұяла отырып» айтады. Бішкекте наразылық акциясын өткізіп үлгерген белсенділер екі қорап іш киім алып шығып, оны Бакиевке жөнелтетінін мәлімдеді. Ал қазақ және қырғыз сарапшылары фильмнің не үшін көрсетілгенін түрліше жориды.
Бішкекте "Айкол Ала-Тоо" ұйымы мүшелері Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевке арнап екі қорап іш киім жіберді. Ол саяси баспана алған соң қазір Минскіде тұрып жатыр.
Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков алғашқы шетелдік сапарын Ресейден бастады. Мәскеуден кейін ол ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін Минскіге аттанады. Бұған дейін Жээнбеков «Ресеймен одақтастығымызды дамыту саясаты жалғасады» деп мәлімдеген. Кей сарапшылар Жээнбековтің ең бірінші міндеті Қазақстанмен арадағы проблемаларды шешу дейді.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаеваның Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбаты (орыс тілінде).
Тағы