1930 жылдары қазақтардың Маңғыстаудан Иранға көшуіне себепші болған, кейін советтік жазалау мекемесі ату жазасына кескен Оразмағамбет Тұрмағанбетовтің Түркіменстан түрмесіндегі тағдыры белгісіз күйінде қалды.
28 панфиловшы жайлы аңыздың ойдан шығарылғаны жөнінде құжат жариялаған Ресей мемлекеттік архиві директоры Сергей Мироненко қызметінен алынды. Ол «өтірік тарих жасағысы келмейтінін» айтады.
Жаңа зерттеу Ресейдің оңтүстігі мен Батыс Моңғолиядағы Алтай-Саян тауларын мекендейтін сүтқоректілердің он мыңдаған жылдан бері өзгеріске ұшырамағанын көрсетті.
Ғалымдар жаңа технологияларды ішкиімдерге де қолдана бастады. Әйелдерді қуантатын жаңалық - «ақылды» бюстгальтер пайда болды. Ол әйел денсаулығын бақылап, қаскүнемдер шабуылынан қорғайды.
Ғалымдар былтыр Ресейдің Челябинск қаласының үстінде жарылған метеоритті зерттеп жатыр. Ғасырдан астам уақыт ондай ірі метеорит Жерге құламаған. Зерттеушілер мұндай оқиғаның жиілейтінін де айтады.
Америкалық лингвист «Кавказ халықтары тіліндегі ерекше дыбыстарға тау әсер еткен» дейді. Азаттық тілшісі мамандар арасында дау тудырған мәселені зерттеп көрді.