20 ғасырдың 20-30 жылдары қазақ жерінде болған ашаршылыққа арналған жиында парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ашаршылықты "саясиландырмауға" шақырды. Ал қоғамда ашаршылыққа саяси тұрғыдан әділ баға берілген жоқ деп санайтындар бар.
Алматыда өткен ғасырда қазақ жерінде болған ашаршылық туралы деректі фильмді көруге жұрт көп жиналғандықтан оны қайталап көрсетуге тура келді. Фильм авторы "Қазақстандағы ашаршылық геноцид ретінде мойындалуы тиіс" дейді.
Кинорежиссерлер ашаршылық жайлы фильм түсіргенде қырғын мәселесі шығатынын, ал Қазақстан билігі Ресейге ұнамайтын тақырыптан тартынатынын айтады.
Петропавлда құрылыс жұмыстары кезінде табылған адам сүйектері бір ғасыр бұрынғы тарихи оқиғаларды еске салды. Жергілікті кей мамандар азамат соғысы жылдары қаза тапқан чех легионерлері осында жерленген болуы мүмкін деген болжам айтады.
31 мамыр - Қазақстанда саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні Алматы қаласында СССР кезіндегі ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылды.
Поляктардың Қазақстанға жаппай депортацияланғанына - 80 жыл. Соғыстың алдындағы жылдары Украинаның батыс аудандарынан Қазақстанға 40 мыңнан 95 мыңға дейін (нақты саны белгісіз) поляк депортацияланған. Олардың ішінде Креницкийлер әулеті де болған.
«Қазақстанда сталинизм зерттелмейтін тақырыпқа айналып, билік пен элита Украина дағдарысына енжар қарап отыр» дейді «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбаев Азаттыққа.
Жергілікті тарихшы 1930 жылдары Қазақстанда болған ашаршылыққа саяси тұрғыдан да, академиялық зерттеу тұрғысынан да әділ баға берілген жоқ деп санайды.
Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап жазған неміс тарихшысы Роберт Киндлер Азаттыққа берген сұхбатында «зардаптарына қарамастан, ашаршылықты геноцид деп есептемейтінін» айтты.
Алматылық белсенділер «сталиндік респрессияға қатысқан большевиктің» атында көше болуына қарсы. Тарихшылар Қазақстанның советтік құндылықтардан арылмағанын айтады. Әкімдік «халық пікірін ескеруге» шақырады.
Астанадағы Мирзоян көшесіне Сәтбаев есімі берілетіні туралы хабар әрқилы пікір туғызды. Тарихшылар Сталин тапсырмасын орындаушы болған Мирзоянның да репрессиядан құтылмағанын айтады.
Тағы