Партиялық қызмет бабымен жоғарылау үшін бастапқыда комсомолдың бастауыш және республикалық ұйымдарындағы түрлі жетекшілік лауазымдар атқарды. Көздеген түпкілікті мақсаты – Совет Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросы. Грузияның қазіргі президенті Эдуард Шеварнадзе – міне солардың бірден-бірі. Оның үлкен партиялық қызметтегі жолы Совет Одағының сыртқы істер министрі лауазымынан өз ықтиярымен бас тартуымен және, онымен бірге, Совет Одағы Компартиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросына мүше болу сынды “жылы орыннан” кетуімен біржола кесілгендей болған еді. Дегенмен де “Зұлымдық империясының” аяқ астынан ыдырауы - Эдуард Шеварнадзеге енді тәуелсіз мемлекеттің басшысы болып тағы 8 жылдай отыруына “үш ұйықтаса түсіне кірмеген” мүмкіндік берді. Ол қалай болды? Эдуард Шеварнадзе – кім?
Осы күндері Гүржістанда оппозициялық партиялардың ұйымдастыруымен президент Эдуард Шеварнадзенің биліктен кетуін және 2-нші қарашада өткен парламент сайлауының қорытындысын жоюды талап еткен жаппай наразылық шерулері өтуде. Э.Шеварнадзенің оппозиция жетекшілерімен өткізген бірінші келіссөздері нәтижесіз аяқталды. Митингілер мен наразылық шерулері парламент сайлауының бастапқы қорытындысы жарияланған 3-інші қарашада басталып, осы күнге дейін толассыз жалғасуда. Президент Э.Шеварнадзе оппозициямен уәжге келуге барын күшін салып, оппозиция жетекшілерін келіссөздерге шақырумен әуре.
Алайда оның келіссөздерге шақырған үндеулері әзірше жауапсыз қалуда. Оппозиция жетекшілерінің бірі Жванияның атап көрсетуінше, елдегі қазіргі бейбіт наразылық шерулері осылайша жалғаса берген күнде, ақырында ол шектен шығып, елдегі саяси тұрақтылықты шайқап, қантөгіске ұласуы әбден мүмкін. Бір сөзбен айтқанда 2000 жылы кезекті 5 жыл мерзімге президент болып сайланған Э.Шеварнадзенің 2005 жылға дейін билік басында қалуына зор қатер төніп тұр. Эдуард Шеварнадзе - кім? Ол билік басына қашан және қалай келді? Ол неліктен елдегі оппозицияның осыншама наразылығын туғызады?
Эдуард Шеварнадзе - 1928 жылы қазіргі Гүржістанның Чохатаури ауданына қарасты тау шыңындағы Мамати ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Э.Шеварнадзенің кейінгі ғұмыр жолы кешегі Совет Одағы мен оның одақтас республикаларындағы комсомол мен партия жетекшілерінің өмірбаяндарымен егіз қозыдай ұқсас. Оның бүгінгі биік лауазымына жеткізген жолы да комсомол қызметінен басталды. 1957 жылы 29-ға да толмаған Э.Шеварнадзе Грузия комсомолы Орталық Комитетінінің 1-хатшысы болды. Осы сәттен бастап ол қызмет бабымен тек жоғарылап келді. 1965 жылдан бастап 7 жыл бойы Э.Шеварнадзе Гүржістанның ішкі істер министрі; 1972-нші жылдан бері қарай 13 жыл бойы Гүржістан компартиясының Орталық Комитетінің 1-інші хатшысы лауазымында отырған жылдарында Совет Одағының партия басшыларының көз алдында дарынды жетекші ретінде танылды. Михаил Горбачевтің “Қайта құру” саясаты жылдарындағы тағы бір қауесетке қарағанда, Совет Одағы Компартиясы ОК-інің Бас хатшысы мен Э.Шеварнадзе сонау комсомолда жұмыс істеген кездерінен жақын дос көрінеді. Ол қауесет ақиқатқа ұқсайды. М.Горбачевтің ұсынысы бойынша Э.Шеварнадзе 1985 жылы Совет Одағының сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол осындай аса жауапты лауазымда 28 жыл бойы үзіліссіз отырған Андрей Громыконы ығыстырды және сол сәтте Компартияның Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі болып сайланды. Министр қызметін атқарып жүрген жылдарында Э.Шеварнадазе Батыс елдерінің лидерлерімен етене жақындаса білді. Ол қатынастары кейін де жалғасын тапты. Алайда, одан бұрын 1990-ыншы жылы Ригадағы телеорталыққа жасалған шабуылға наразылық білдірген Э.Шеварнадзе сыртқы істер министрі қызметінен бас тартты және Саяси Бюро мүшелігінен де түсіп, үлкен саясат сахнасынан біржола кеткендей болды.
1991 жылы Гүржістанда алғаш рет жалпыға бірдей президент сайлауы өтіп, онда диссидент-жазушы Звиад Гамсахурдиа жеңіске жетті. Бірақ 1 жылға жетпей келесі жылдың қаңтарында Грузиядағы Әскери кеңес оны биліктен құлатып, “президенттік” институты жойды. Осындай күрделі жағдайда елге оралған Э.Шеварнадзені Гүржістан парламенті мемлекет басшысы етіп сайлады. 1995 жылы грузин парламенті жаңа конституция қабылда. Оған сәйкес, мемлекет басында жалпыға бірдей сайлауда дауыс беру арқылы сайланған президент отырады. Сол жылдың қарашасында президент және парламент сайлауы қарама-қатар өтіп, Эдуард Шеварнадзе жеңіске жеті. 2000 жылы ол екінші мерзімге тағы сайланды. Үстіміздегі жылдың жазында Э.Шеварнадзе 2005 жылы болатын кезекті президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді. Ол сайлауға түспек болған күнде де, грузин конституциясына сәйкес, бір адам 2 рет қана президент болып сайлана алады. Алайда, жоғары айтылғандай, Эдуард Шеварнадзенің кезекті президент сайлауына дейін билік басында қалуы соңғы күндері екіталай болып тұр. Ол сөзсіз Батыс пен Ресейдің қолдауына сенім артады. Оған қоса Э.Шеварнадзе – Гүржістанның жалпыға бірдей сайлауында сайланған заңды президенті.