Accessibility links

“Желтоқсан оқиғаларының” Өзбекстанға жеткен жаңғырығы...


Осыдан 17 жыл бұрын Совет Одағы компартиясының көсемдері жергілікті ұлттық мұң-мүддесімен санаспай, ақылдаспай Қазақстан жетекшісі Димаш Ахметұлы Қонаевты қызметінен босатып, оның орнына Мәскеуден өзге ұлттың өкілін жіберуіне наразы болған қазақ жастары Алматының орталық алаңына шықты.

Жастардың ол наразылығының 2 күн ұдайы жалғасып, ақыр соңында советтік биліктің аяусыз басып-жаншуымен аяқталғаны және қазақтың ұл мен қыздарын қудалауы бірнеше жылға созылғаны барша әлемге аян.
Алайда, кеуделерін ұлттық ар-намыс кернеген қазақ жастарының әлгі әрекетінің Совет Одағының басқа одақтас республикаларындағы ұлттық сана-сезімін оятқанын көпшілік онша біле бермесе керек. Оның ішінде 1986-ншы жылғы “Қанды желтоқсан” оқиғалары қандас, дінтес, тілдес өзбек жастарының арасында, советтік терминмен айтқанда – “қобалжулар” мен “ұлтшыл сана-сезім” оятқан көрінеді. Сонау 1986-ншы жылдың желтоқсанында Ташкенттің мемлекеттік университетіндегң журналистика факультетінің студенті болған Құдырат Бабажанов осылай деп мәлімдейді.

Қазақстандағы “Қанды желтоқсан оқиғалары” жаңғырығының бүкіл әлемге жетіп, “Зұлымдық империясы” атанған Совет Одағының күйреуіне себепкер болғаны талай айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, “Желтоқсан жаңғырынының” көрші қандас, тілдес, діндес өзбек халқына, өзбек жастарының көңіл-күйіне қандай әсер-ықпалы болғаны жайында әлі сөз болмаған сияқты. Сонау 1986 жылдың желтоқсанында Ташкенттің мемлекеттік университетіндегі журналистика факультетінің студенті болған Құдырат Бабажановтың әңгімесіне қарағанда, қазақ жастарының “Желтоқсан көтерілісі” өзбек студенттері мен жастарының ұлттық сана-сезімінің оянуына зор серпін берген көрінеді.

Құдыраттың айтуынша, қазақ жастарының қаны көлдей төгілген қазақ жастарының “Желтоқсан көтерілісі” туралы хабар-ошар Ташкенттегі қазақ студенттері арқылы жеткен. Ол кезде, деп мәлімдейді Құдырат Бабажанов, Ташкентте “Студенттердің лигасы” атты бейресми ұйым болған және жастардың басқа қозғалыстары құрыла бастаған. Ташкет университетінде оқитын алматылық студенттер Құдырат пен басқа да өзбек әріптестіріне “Қанды желтоқсан оқиғаларының” бейнетаспаларын көрсетіп, өздерінің көздеріне жас үймелеп, таң атқанша ұйықтай алмай шыққан. Ал өзбек студенттері “Алматыдағы оқиғалар не себептен, неліктен болды? –дегендей, өз араларында үнемі талдау-саралаумен болған. Олардың ең басты түсінгені – “Алматы оқиғалары үлкен өзгерістердің бастамасы - барлық жаңа қозғалыстар мен үрдістердің және саяси құрылымдардың бастамасы ғана...

Міне осы талдаулардан кейін өзбек студенттері “Желтоқсан оқиғаларының” барлық ақиқатын басқаларға - өзбек студенттері мен жастарына жеткізу үшін бар шындықты басып шығаруды ұйғарған. “Алматы оқиғаларының” -“Известия”, “Правда” сынды компартия мен ресми басылымдардың жазғанындай қазақтың қаны бұзылған, маскүнем, нашақор, басбұзар жастарының бас көтеруі емес екенін өздерінің шағын ғана студенттік қабырға газетіне жазған. Өзбекше “Садо” деп аталатын әлгі қабырға газетін Құдырат Бабажановтың өзі редакциялап, оған Қозғалған ағаш немесе Алматықасыреті” атты эссесін жариялайды.Әлгі эссесінде студент-автор басқа шағын ұлттар да қазақтар сияқты өмір сүрсін, Ресей мен Өзбекстанның басқа халықтарының да өз тағдырын шешуге және басқа еркіндіктерін талап етуге құқылы” деп Үндеу көтереді. Ең бастысы, жас автор Құрмат Бабажанов – “Алматы оқиғалары” – “зұлымдық империясының” құлауына бастамашы болды деген қорытынды жасайды.

Осы эссесі жарық көрген соң, Құдырат Бабажановты деканатқа шақырып, жиналысқа салады, комсомолдан шығарады. Дегенмен де, “Алматы оқиғаларын” өзбек студенттері мен жастары арасында талдау-саралау енді бей ресми тұрғыда кең етек жаяды. Бірақ Құдырат Бабажановтың басқа туған-туыстары да СССР-дің КГБ сынды жазалау мекемесі тарапынан қуғын көреді. Ол жайында Құдыраттың туған ағасы – “Азаттық” радиосының Өзбек редакциясының қазіргі қызметкері Шұхрат Бабажанов кейінірек толық растады.
XS
SM
MD
LG