Accessibility links

Қытайдың стратегиялық сауда әріптестерін іздестіруі Орта Азияға тиімді болуы мүмкін


Қытайдың Шығыс Азия аймағы елдерімен және Еуропамен стратегиялық ынтымақтастық орнатуға құлшынуынан Орта Азияның 5 мемлекеті көп пайда түсіруді мақсат етіп отырған сыңайлы.

Штаб-пәтері Брюссельде орналасқан зерттеу ұйымы – Еуропаның Азияны зерттеу институты Еуропа одағы мен Шығыс Азия мемлекеттері, әсіресе Қытаймен арадағы ынтымақтастығының өркендеуінен Орта Азия республикалары көп пайда көретін мүмкіндігі бар деп есептейді.

Еуропа одағының атқарушы билігі болып табылатын Еурокомиссия үшін аталмыш институт Еуропаның Шығыс Азия аймағындағы мүддесі туралы іргелі зерттеуін дайындап жатыр. Еуропа мен Шығыс Азия елдерінің өзара сауда-экономикалық ынтымақтастығының Орта Азия елдеріне қалай ықпал ететіні туралы тақырыр бойынша біздің сарапшымыз осы институттың қызметкері Себастьян Берсикпен тілдескен болатын.

Қытайдың Шығыс Азия аймағы елдерімен және Еуропамен стратегиялық ынтымақтастық орнатуға құлшынуынан Орта Азияның 5 мемлекеті көп пайда түсіруді мақсат етіп отырған тәрізді.

Совет одағының бұрынғы бес одақтас республикалары – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан – саясат пен экономика жағынан да, мәдени бағыт-бағдарымен де Ресейге байланып, Мәскеуге бағынды. Бірақ Совет одағының ыдырауы нәтижесінде Қытай Орта Азия аймағында шешуші рөлге ие болды.

Өзінің халық тұтынатын тауаларымен Қытай саудагерлері қаптай бастаған 1991 жылдан бастап Орта Азиядағы ахуал түп-тамырымен драмалық мағынада өзгеріп сала берді. Қытайдың ірі капиталы жақындай түсіп, осы күні Пекин Орта Азияның әрбір республикасында өзінің сауда өкілдігін ашып алды.

Қазіргі таңда Қытай жергілікті кәсіпорындарға капиталын салып, қыржылай көмек беріп, Орта Азия елдері, Ресей және Қытай мүшесі болып табылатын “Шанхай ынтымақтастық ұйымы” сынды құрылымдардың жұмысына білек сыбана атсалысып жатыр.

Өткен жылы ресми Пекин Орта Азия республикаларына бас-аяғы 1 миллиард доллар инвестиция жұмсағанын және 5 республикамен арадағы сауда айналымын одан бұрынғы онжылдықтан 10 есеге ұлғайтқанын мәлімдеді.

Брюссельде орналасқан Еуропаның Азиялық зерттеу институтының қызметкері Себастьян Берсиктің пікірінше, бұл - “қырғи-қабақ соғысы” жылдарындағы екі полярлы совет-американ үстемдігінің күйреуінен кейін басталған бетбұрыс процесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

“Бұл – Берлин қабырғасының құлауы мен халықаралық сахнадағы екі полярлы дүниенің күйреуінен кейін басталған жаңа құбылыстардың бір бөлігі”, – дейді сарапшы.

Дүниежүзілік үстемдікке ұмтылған Қытай өз аймағында тұрақтылықтың болғанын аңсайды, сондай-ақ Еуропамен арадағы стратегиялық ынтымақтастығын нығайту арқылы әлемдегі жалғыз супер мемлекет – Америка Құрама Штаттарымен терезесін теңестіруді мақсат етеді.

Қытайдың осы мақсаттағы қадамдары, Берсиктің пікірінше, Орта Азия аймағы елдеріне де әсер етпей қоймайды.

“Таяу жылдардағы еркін сауда аймағының, атап айтқанда Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясына (АSЕАN) мүше елдерге ортақ еркін сауда аймағының дамуы – бұл, әлбетте, Орта Азия елдері үшін де сауда қатынасын дамыту мүмкіндігін ашады”, – дейді ол.

Сарапшы Берсик Орта Азия елдері аталған осы “еркін сауда аймағына” жуырда-ақ мүше бола қояды деп ойламайды. Бірақ, деп ескертеді ол, ондай мүмкіндіктің болашақта туатынын Орта Азия ескертуі тиіс.

“Ортақ еркін сауда аймағын құру” туралы келісімге Орта Азия елдері дәл қазір қосылады деген ешқандай әңгіме жоқ. Бірақ болашақта ондай мүмкіндік, әрине, туады”, – дейді Себастьян Берсик.

Қытай мен Еуропа одағы арасындағы байланыстың өсе түскенін өткен айда болған жоғарғы дәрежедегі екі жақты өкілдерінің бас қосуы айқын көрсетіп берді. Бұл кездесулер – көп полюсты әлемнің қалыптасуына екі жақтың да аса мүдделі болып отырғанын байқатты. Еуропа одағының өкілі Эмма Удвин Қытай мен Еуропа одағы арасындағы ынтымақтастықты “өте қарқынды” деп жоғары бағалады.

“Қарым-қатынас, сөзсіз, көз алдымызда... әсіресе – қазіргі кездегі ынтымақтастықтың бар мүмкіндігінше бірыңғай сауда-саттық саласында өркендеп-өсіп келеді...”

Пекин – Еуропа мен Азияның өткен ғасыр барысындағы байланысының құрамдас бөлігі болатын. Қазір – Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея және АSЕАN ұйымына мүше 10 ел, бір жағынан, 25 мемлекет мүшесі болып табылатын Еуропа одағы мен Еурокомиссия, екінші жағынан біріккен ASEM форумының шешуші мүшесі болып табылады.

ASEM форумына мүше елдер пайдаланған сауда жеңілдіктері, ақыр аяғында, Орта Азия елдеріне де оң әсер етпей қоймайды деген болжам айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG