Осы аптада жариялаған жылдық баяндамасында “Шекарасыз репортерлер” ұйымы Өзбекстан мен Түркіменстанды өткен 2004 жылы тәуелсіз баспасөзді тұншықтарған “алдыңғы қатардағы” елдерге қосып отыр.
Баспасөз құралдырының тәуелсіздігін қорғайтын осы халықаралық ұйым осы жылғы баяндамасында аталған 2 республиканы “нашарлардың ішіндегі ең нашары” қатарына қосқан болса, Орта Азияның өзге елдеріндегі баспасөздің ахуалын “тәуелсіз емес” деп бағалады. Ал Қырғызстандағы сөз бостандығының жайы – жуырдағы төңкерістің толқынымен өзгеруі мүмкін.
“Шекарасыз репортерлер” ұйымының Еуропалық бөлімінің жетекшісі Паскаль Боннамурдың (Pascale Bonnamour - әйел. Ред.) пікірінше, Орта Азиядағы баспасөз құралдарының маңайындағы ахуал өткен жылы күрт нашарлады. Оның ең басты себептері, деп атап көрсетеді Паскаль ханым, Украинадағы “Қызғылт-сары төңкеріс” пен Қырғызстандағы наурыз айында болған төңкеріс.
- Меніңше, ахуал (Орта Азиядағы) көбіне геосаяси жағдайдың ықпалымен нашарлай түсті. Бұрынғы Совет Одағының республикаларындағы ахуал әсіресе 2004 жылдың соңында ушығып кетті. Көптеген оппозициялық журналист тұтқындалды, кейбір журналист соққыға жығылды. Біз тәуелсіз ақпарат құралдарын жыртқыштықпен жойды деп батыл айта аламыз, - дейді Паскаль Боннамур ханым.
П.Боннамур ханымның мәлімдеуінше, Орта Азияның бетімен кеткен әрі авторитарлық биліктері Қырғызстандағы төңкерістен кейін тәуелсіз баспасөзді бұрынғыдан да қатаң тұншықтыру керек деген ұйғарымға келді.
Паскаль ханым Түркіменстанды Орта Азиядағы сөз бостандығын тұншықтырған ең өктемшіл ел деп бағалайды. Оның атап көрсетуінше, бұл елде журналистика президент Сапармұрад Ниязовтың жеке басына табыну саясатын насихаттаудың анық құралына айналған. Өзбекстандағы ахул да, оның пікірінше, наурыз айының соңынан бері нашарлай түсті.
- Менің ойым бойынша, Өзбекстандағы ахуал нашарлай түсті. Өйткені Қырғызстан Өзбекстанның жақын көршісі. Біз бұл елде журналистерді қатаң қудаланғанын көрдік қой деп ойлаймын. Журналистерге түрмеде зорлық-зомбылық жасалуы да әбден мүмкін. Өйткені бұл Өзбекстанда үйреншікті құбылысқа айналған. Терроризм – ресми биліктің Сабыржан Якубов сынды журналистерді абақтыға жабуына “жақсы” желеу болды, - деді Боннамур ханым.
Ташкентте шығатын “Хуррият” газетінің 22 жастағы тілшісі Сабыржан Якубов – “экстремизммен айналысты” және “конституцияға қарсы әрекет жасады” деген айыппен 11 сәуірде қамауға алынды. Егер оның айыбы дәлелденсе, 20 жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал.
Сабыржан Якубов ислам проблемалары мен Украинадағы журналист Георгий Гонгадзенің қаза болған себептері туралы жазды. “Шекарасыз репортерлер” ұйымы мен Баспасөздің Халықаралық Институты Сабыржанға тағылған айыптардың “саяси астары” бар деп мәлімдеп, оның қамалуына наразылық білдірді.
Тағы бір оқиға: Жизақ қаласында жергілікті журналист Ұлықбек Хайдаров соққыға жығылды. Бұл қайғылы оқиға күдік туғызды: өйткені бұл журналист жергілікті әкімнің іс-қимылы мен сыбайластық жемқорлықты ащы сынға алатын мақалалар жазды. “Шекарасыз репортерлер” ұйымы Ұлықбек Хайдаровтың соққыға жығылуын тиянақты тергеуді талап етіп Өзбекстанның ішкі істер министрі Зәкір Алматовқа хат жолдады.
“Соғыс және Бейбітшілік Институтының” Ташкенттегі тілшісі Құдырат Бабажановтың пайымдауынша, Жизақтағы оқиға таяуда интернет-парақшасында шыққан бірқатар мақаламен тікелей байланысты болуы әбден мүмкін. “Сафар Абдуллаев” деген лақап атпен шыққан мақалада Өзбекстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз құралдарын мемлекет тарапынан қудалау туралы құжат қабылдауды жоспарлағаны жайында жазылады. Ол жоспарда журналистердің “қаза тізімі” беріліпті және тізімде Ұлықбек Хайдаровтың есімі де жүр.
- Өткен айда Жизақта адам құқын қорғаушылар мен тәуелсіз журналистерге қарсы қуғын-сүргін күшейді. Оларды жиі соққыға жығатын болды. Бұл жоспар бойынша жүзеге асып жатқан тәрізді. Бұл жоспарды кім дайындады және кімдер жүзеге асырып жатыр - мен оны білмеймін. “Сафар Абдуллаевтың” жазған мақаласы негізсіз емес шығар. Өйткені Ұлықбектің аты-жөні “қара тізімде” жүрген болатын, - деп жазады Құдырат Бабажанов.
Қазақстан мен Тәжікстанда тәуелсіз баспасөз құралдары ресми билік тарапынан әсіресе осы елдердегі кезекті парламент сайлауы кезінде қатты қыспақ көрді. “Шекарасыз репортерлер” ұйымының жетекшісі П.Боннамур тәжік оппозициясының өзіндік тәуелсіз интернет-парақшасын ашқанын “оң құбылыс” деп бағаласа, алайда Қазақстанда, оның пікірінше, қарама-қайшы ахуал қалыптасып отыр.
- Қазақстандағы жағдайға келетін болса, менің ойымша, ондағы ахуал онша мәз емес. Мысалға, таралымы ең көп және ең басты оппозициялық “Республика. Деловое обозрение” апталығының бас редакторы Ирина Петрушованы Ресей полициясы қазақ үкіметінің сұрауы бойынша қамауға алды. Өткен жылы біз 2 журналистің өлтірілгеніне куә болдық. Әлбетте, олардың журналистік кәсіби қызметі үшін өлтірілгенін дәлелдеу өте қиын. Бірақ, олардың кәсіби қызметі үшін өлтірілгеніне өз басымның еш күмәнім жоқ. Өйткені олар кейбір аса өзекті проблеманы көтеріп жүрді, - деді Паскаль Боннамур ханым.