Әндіжандағы халық толқуын аяусыз қан төгіп басқан И.Кәрімовтің билігіне пәлендей кесірі бола ма? Саяси сарапшылардың пікірлерінше, бұл жайт И.Кәрімовтің билігін нығайтқандай болып көрінгенімен де, шынтуайтында керісінше, әлсіретуі де әбден мүмкін. Өйткені, бір жағынан, ол елге жек көрінішті болса, екіншіден сырт елдерге аяқ басып шыға алмайтын болады.
Ресми түрде тіркелмеген оппозициялық “Азат дихандар” (Ozod dehqonlar) партиясының төрайымы Н.Хидоятованың пікірінше, өзбек үкіметі елді “ашса алақанында, жұмса жұдырығында” ұстауға тырысып бағады.
- Үкіметтің ең бірінші мақсаты, әрине, елді қорқыту болды. Бірақ мынадай жайт байқалады: саяси белсенді халық, тіпті бейтарап жұрт та ештеңеден қорықпайтын болған. Олар үкіметке қарсу тұруға, тіпті ол үкіметті әшкерелеуге дайын тұр, - дейді Н.Хидоятова.
Әндіжандағы қантөгіс жазасын өтеп жатқан жүздеген тұтқынды босату үшін түрмеге қарулы шабуыл жасалған жұма күні басталды. Көп кешікпей саяси билікке деген наразылығын білдіру үшін бірнеше мың адам қала орталығындағы қарулы топ басып алған әкімшілік ғимаратының төңірегіне жиналды. Өзбек үкіметінің хабарлауынша, әскердің наразылыққа шыққан бейбіт халыққа оқ атуынан 169 адам қаза болды. Ресми билік бұл наразылықты ислам тобы ұйымдастырды деп мәлімдейді. Алайда, куәгерлердің мәліметтері бойынша, іс жүзінде оққа ұшқан халықтың саны одан әлдеқайда көп - кем дегенде 500 адам құрбан болған.
Азаттық радиосының тілшісі Андрей Бабицкий осы күні Өзбекстанда жүр. Оның атап көрсетуінше, Қырғызстанның бұрынғы президенті А.Ақаевқа қарағанда, И.Кәрімов билік басында қалу үшін қантөгуден тайынбайтынын анық байқатты.
- Осылайша И.Кәрімов билік басындағы мерзімін біршама ұзартуы мүмкін. Бірақ, ол мәңгілікке қала алмайды, - деді А.Бабицкий.
Алайда А.Бабицкий Әндіжандағы халық толқуын аяусыз басып-жаншығанымен, бұл қантөгіс ресми билік үшін аяқсыз қалмайды деп санайды.
- Менің пікірім бойынша, бұл жайт И.Кәрімовтің режимін қансыратты. Қансыратқанда, менің пікірімше, көпшілік жұрт, соның ішінде алдымен Әндіжандағылар, болған оқиға туралы берілген түсініктердің шылғи өтірік екенін жақсы біледі. Олар И.Кәрімовті жек көреді. Менің ойымша, міне осындай пікір бүкіл елге жайылды. Өйткені, ақиқатына келгенде, Өзбекстанда И.Кәрімов үшін аса қауіпті ахуал қалыптасып отыр. Оның себебі, елдегі кедейшілік адам айтқысыз. Демек, әлеуметтік наразылық кез-келген оқиғадан өршіп шыға келуі мүмкін, - дейді журналист.
А.Бабицкийдің атап көрсетуінше, Әндіжандағы қанды оқиға өзбек оппозициясын белсенді іс-әрекетке жетелеуге тиіс еді. “Азаттыққа” берген сұхбатында “Jane's Sentinel Security Assessments” басылымының аймақтық сарапшысы әрі редакторы Алекс Ватанканың атап көрсеткеніндей, Әндіжандағы қанды оқиға саяси режимнің мызғымас қуатын емес, керісінше, оның әлсіздігін көрсетті.
- Мен мұны мызғымас қуаттың нышаны деп айта алмаймын. Ресей баспасөзінің мұндай әрекетті оппозициямен күресудің “Азиялық амал-тәсілі” деп атайтынын мен білемін. Алайда, сіз оны қалай бағалайсыз: бұл – жан-тәсілімнің белгісі және ол (И.Кәрімов) осылай болуын, бәлкім, күткен де болар!? – дейді А.Ватанка.
Сарапшылардың пікірінше, Әндіжандағы қанды оқиға - терроризмге қарсы күресінде Вашингтон өзінің адал одақтасы ретінде қарастырып отырған Өзбекстанға деген Батыстың көзқарасын түбегейлі өзгертеуі ықтимал. Алайда, “Азаттыққа” берген түсініктемесінде Англияның Ташкенттегі бұрынғы елшісі К.Мюррей ресми Вашингтон И.Кәрімовті өзінің “пайдалы” одақтасы ретінде билік басында қалуына мүдделі болуы мүмкін деп мәлімдеді.
- Ең өкініштісі, менің пікірім бойынша, И.Кәрімов халықаралық қоғамды өзінің шынайы парасатымен емес, өзінің істеген барлық қылығын Америка Құрама Штаттарының мүддесі үшін істелді деп және “И.Кәрімов – АҚШ-тың терроризмге қарсы күресінде оның өмірлік одақтасы” болып табылады деп көндіреді. Ал елдегі барлық “былықты” ислам экстремистерінен шығып отыр деп түсіндіреді, - дейді бұрынғы елші К.Мюррей.
Вашингтон Әндіжандағы қанды оқиғаға өз наразылығын білдірді. Сейсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс: “Терроризмге қарсы күресуге Өзбекстанның құқы бар, бірақ Вашингтон И.Кәрімовтің алдына адам құқықтарының жайын жақсарту шартын қойып, Әндіжандағы оқиғаның ашық тергелуін қамтамасыз етуге шақырады” деп мәлімдеді. Сонымен қатар саяси сарапшы А.Ватанка Әндіжандағы қантөгіске Батыс көзін жұма алмайды деп санайды.
- Егер біз “Соғыс және Бейбітшілік Институтын” айтпағанда, “Ассошэйтед Пресс”, “Рейтер” және басқа да агенттіктердің хабарларын алсақ, шамамен 500 адам өлгені айтылған. Егер осы ақиқат болса, онда бұл - 1989 жылғы Қытайдағы оқиғадан кейінгі мемлекеттің өзі жүзеге асырған ең ірі қырғын болайын деп тұр, - деп түйеді сарапшы А.Ватанка.
К.Мюррей сынды өзге сарапшылар, мысалға, болашақта билік басында қалу үшін И.Кәрімов тағы да қантөгуден тайынбайды деп сескенеді. Ал әзірше Өзбекстандағы ахуал сабасына түсуге тиіс еді. Сәрсенбі күні елдегі қантөгістен қашқан өзбек босқындарының алдынан шекараны жапқан қырғыз сақшыларына наразылық білдіру үшін шекара маңындағы Қарасу қаласында 1 мыңға жуық адам жиналды.