Германияның Мюнхен қаласында 59 жасқа қараған шағында журналист Нұркамал Пінәр дүниеден өтті. Нұркамал Пінәр "Азат Еуропа/Азаттық" радиокорпорациясының орталық кеңсесі Прага қаласына қоныс аударған 1995 жылға дейін Азаттық радиосының Қазақ қызметінде еңбек еткен.
Нұркамал Пінәр кеше, қаңтардың 6-сы күні қайтыс болған деп хабарлады кезінде Азаттықта онымен бірге жұмыс істеген Әбдіуақап Қара мен Әлихан Жаңалтай Facebook әлеуметтік желісінде.
Нұркамал Пінәр өзі туып-өскен Түркияда жерленеді.