Үйлерін жөндеткен тұрғындар ақшасын бергісі жоқ
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Көшім ауылының тұрғындары пәтерлерін жөндеткенімен, ол жұмыстың ақысын төлеуден бас тартып отыр. Олар 2012 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына наразы. Ал мемлекеттік бағдарламаның бұл өңірдегі операторы "жөнделген үйдің кепілдік мерзімі біткенін" айтып, қарыздарын сот арқылы өндіртіп алмақ.