Белсендіні мәжбүрлеп көшіру
Алматы қаласының Ақкент шағынауданында пәтерінен мәжбүрлі көшірілгелі жатқан белсенді наразылық білдіріп, терезеден секірмек болды. Дильнар Инсенова «сот осы күнге дейін төлеген ақшамды ескермей шешім шығарды» дейді. Наразылықтан соң сот орындаушысы көшіру кейінге қалдырылатынын хабарлады. Бірақ нақты датасын айтқан жоқ.