Accessibility links

Алматылық белсендіге "ҚДТ-ны қолдамауды" ескертті


Алматы қалалық прокуратурасы (Көрнекі сурет).
Алматы қалалық прокуратурасы (Көрнекі сурет).

Алматы тұрғыны, белсенді Құрал Медеуов прокуратурадан Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысын қолдамау туралы ескерту алды. Құрал Медеуовтің Азаттыққа айтуынша, 16 наурыз күні таңертең сағат 9 шамасында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері үйіне келіп, полиция учаскесіне алып кеткен. Полиция бөлімінде өзімен прокурор сөйлескен.

- Прокурор "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымы экстремистік ұйым болып саналатынын айтып, ескертпе қағазын тапсырды. "Ұйымды қолдамаймын" деген тұрғыда түсініктеме жаздырып алды, - деді Құрал Медеуов.

Ол полицияда прокуратура, полиция өкідері, тергеушілер де жүргенін айтты.

Қазақстан билігі осы аптада Астана соты шетелде қуғында жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салғанын жариялаған.

Қазақстан бас прокуратурасы 13 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ҚДТ белсенділеріне қатысты іс қозғалғанын хабарлаған.

15 наурызда Алматыда "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қаржылай қолдау көрсетті" деген айыппен Ақмарал Тобылова есімді әйелді үйқамаққа алынған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG