Қазақстанда бірнеше белсендіге тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымын қолдамау туралы ескерту жасалды. Атырау тұрғыны Әлібек Мұсаұлының Азаттыққа айтуынша, бүгін прокуратура ҚДТ-ны қолдамау туралы өзіне ескерту жасаған.
- Олар маған 11 наруызда Facebook-те бір жазбаны бөліскенімді көрсетіп отыр. Мен бұл кезде ұйымның әлі экстремистік деп танылмағанын айттым. "Бұл ұйымды қолдайсың ба, қолдамайсың ба? Олар жайлы не ойлайсың? Сол туралы түсініктеме жазып бер" деді. Мен жазудан бас тартым, - деді Әлібек Мұсалы.
Мұнан соң тұрғынды учаскеден босатқан. Дәл осындай ескерту оралдық белсенді Асқар Шайғұмаров, алматылық белсенді Құрал Медеуов, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға жасалған. Ал Астана қаласының тұрғыны Майгүл Садықованы ұйымға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырған. Садықованың Фейсбуктағы парақшасында жарияланған полицияға шақыру құжатындағы мәліметтер бойынша, қылмыстық іс "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымына қатысты Telegram желісінде ашылған топ жұмысымен байланысты.
Қазақстан билігі осы аптада Астана соты шетелде қуғында жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салғанын жариялаған.
Қазақстан бас прокуратурасы 13 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ҚДТ белсенділеріне қатысты іс қозғалғанын хабарлаған.
15 наурызда Алматыда "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қаржылай қолдау көрсетті" деген айыппен Ақмарал Тобылова есімді әйелді үйқамаққа алынған.