Accessibility links

Ханойда Трамп пен Ким екінші рет кездесті


Ханойда Трамп пен Ким екінші рет кездесті
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

Ақпанның 27-сі күні кешке Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын кездесті. Екі ел басшылары әуелі мемлекет тулары ілінген жерде журналистер алдында қол алысты. Дональд Трамп алдағы саммиттің сәтті өтетініне үміт білдірген. Кейінірек екі ел басшысы кешкі ас ішкен. Келіссөздің негізгі бөлігі 28 ақпанда таңертең басталған. Өткен жылғы Сингапурдағы алғашқы саммит сияқты бұл жолы да Трамп пен Ким Пхеньянның ядролық қарусыздану мәселесін талқылайды. Ол кезде тараптар Корей түбегін ядролық қарудан толық арылту жөнінде бірлескен декларацияға қол қойған. Алайда кейінірек ақпарат құралдары Солтүстік Кореяның ядролық қаруын қайта күшейтіп жатқанын жазған.

XS
SM
MD
LG