Бүгін, 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-де Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді.
Назарбаев "сайлау кезінде сенген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін хабарлады.
Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Назарбаев телеарна эфирінде өкілетін тоқтату туралы жарлығын оқып, оған қол қойды.
"Бұл - менің президент ретінде қол қойған соңғы жарлығым" деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды соңғы отыз жылға жуық уақыт басқарды.
Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдемесі:
ПІКІРЛЕР