АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, Тайвань Қытайдың шабуылына ұшыраған жағдайда Вашингтон арал мемлекетті қорғайды. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.
CNN телеарнасы Балтиморда ұйымдастырған кездесуде Байденге: "Қытай Тайванға шабуылдаса, АҚШ не істейді?" деген сауал қойды. "АҚШ Тайванды қорғауға міндетті", - деп жауап берді Байден.
Соңғы бірнеше аптада Пекин ондаған әскери ұшақты Тайванның әуе қорғанысы анықтай алатын аймағына ұшырды. Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай мен Тайвань "түбінде қосылады" деп мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР