Accessibility links

Ақтөбеде полиция наразылықтан ақпарат таратқан тілшіні тергеді


Наразылықтан ақпарат таратып тұрған журналист Ардақ Ерубаева. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 жыл.
Наразылықтан ақпарат таратып тұрған журналист Ардақ Ерубаева. Ақтөбе, 5 қаңтар 2022 жыл.

7 қаңтарға қараған түні полиция ақтөбелік журналист Ардақ Ерубаеваның пәтерін тінтіп, өзін учаскеге алып кеткен.

Ардақ Ерубаева наразылық акциялары кезінде тікелей оқиға орнынан ақпарат таратқан санаулы тілшілердің бірі. Ақпаратқа қарағанда, полицияның қолында санкцияланбаған тінту туралы қаулы болған. Тілшінің сөзіне қарағанда, полиция оны түнгі сағат 2-ге дейін департаментте ұстап, "ҚДТ-ға қатысы бар-жоғын тергеген". Артынша босатқан. Телефонын алып қалған.

Ерубаеваның қолында қызметтік құжаты болған. "Пресса" деген жазуы бар жилетка да киген.

Полиция оқиғаға түсініктеме бермеді.

Бір күн бұрын Ақтөбеде "билікке қарсы наразылыққа қатысы бар" деген күдікпен кемінде бес белсендінің ұсталғаны хабарланған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG