Accessibility links

Тоқаев: ҰҚШҰ әскері екі күннен кейін біртіндеп шығарыла бастайды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжіліс отырысы кезінде екі күннен кейін ҰҚШҰ контингенті біртіндеп елден шығарыла бастайды деп мәлімдеді.

"ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы аяқталды. Екі күннен кейін біртіндеп шығарыла бастайды. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды" деді Тоқаев.

5 қаңтарда елде жағдай ушыққан тұста Тоқаев құрамына Қазақстан да кіретін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек сұрады. Ұйымға мүше Ресей, Армения, Беларусь Қазақстанға көмекке әскер жіберетіндерін мәлімдеді. 6 қаңтар кешкісін Ресей әскері елге жетті. Қоғамда шетелдік әскерилердің кіргеніне қарсылық өршіген.

Билік елде толығымен төтенше жағдай жариялаған. Интернет өте нашар, жиі өшіріледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG