Accessibility links

Тоқаев Әлия Назарбаевамен байланысы бар делінген компанияны жабуды тапсырды


Әлия Назарбаева.
Әлия Назарбаева.

Сейсенбі, 11 қаңтарда мәжіліс отырысы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев утилизациялық алымнан түскен қаржы аударылатын "Оператор РОП" компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырды.

"Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда "Оператор РОП" компаниясының қызметіне байланысты сауалдар көп. Бұл жеке компанияға қарсы тіпті қандай да бір қоғамдық қозғалыс та құрылған. Үкіметке утилизациялық алымды жою үшін шара қолдануды тапсырамын" деді Тоқаев.

Ол шетелдегідей утилизациялық алыммен жеке компания емес, мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деп мәлімдеп, алымның көлемі де қайта қарастырылуы тиіс деді.

Қазақстанда жеке тұлғалар мен компаниялардан және оларға субсидия беруші үкіметтен жиналған ақша Қазақстанның бұрынғы президентінің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысты "Оператор РОП" ЖШС-ға аударылады. Ресми дерек бойынша, "Оператор РОП" бұл қаржыны қалдықтарды жинау, өңдеу және жоюға қажетті инфрақұрылымға салады.

2020 жылдың басындағы дерек бойынша, үш жылда "Оператор РОП" ЖШС шотына 220 миллиард теңге түскен. Ең көп қаржы (75 миллиард теңге) автокөлік өндірісін ынталандыруға жұмсалған.

Елде автокөлік иелері жылдар бойы утилизациялық алымға қарсылық білдіріп келген. 2021 жылы #НетУтильсбору қозғалысы басталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG