Accessibility links

Украинадағы соғыста кемінде бір Ресей қазағының опат болғаны хабарланды


"Фанатиктер емес". Украинадағы соғыста этникалық қазақ қаза тапты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

Украинадағы соғыста Ресейдің Астрахань облысының тумасы Арман Нарынбаев қаза болған. Бұл жөнінде аймақ басшысы Игорь Бабушкин Инстаграм парақшасында хабарлады.

Бұл - төменгі Еділ бойын мекендеген халық арасында соғыста қаза болғаны ресми түрде расталған алғашқы мәлімет. Бұған дейін жергілікті чаттар мен әлеуметтік желілерде Астрахань жақтан барған солдаттардың қаза болғаны жайлы мәліметтер тараған. Володар ауданы (Астрахань облысындағы елді мекен - ред.) тұрғындарының бірінің сөзінше, бұл жаққа 6 мүрде жіберілген. Астрахань облысында негізінен қазақтар тұрады.

Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Тодар Бақтемір Twitter'де соғыста тағы бірнеше қазақ қаза болуы мүмкін екенін, әзірге ресми түрде расталмағанын жазды. Оның айтуынша, ақпараттың ресми түрде расталмауына Нарынбаевтың офицер болғаны, ал қаза болған өзге қазақтардың "әскери салада тәжірибесі жоқ, Украинаға заңсыз жіберілгені" себеп болуы мүмкін.

"Қаза болған солдаттардың туыстары қысымға ұшыраған, сөйлеуден қорқады" деп жазды журналист.

Idelreal.org сайтының жазуынша, Татарстандағы ата-аналар да Украинамен шекарада жүрген балаларының тағдырына алаңдайды. Ресей әскерінің бағытын бақылаған СІТ тобы әскери қызметкерлердің сақтық мақсатында (жағдай ушығып, үлкен соғысқа айналып кетсе) шекарада жүргенін растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG