Accessibility links

Ташкентті Еуропа одағы Қарақалпақстандағы оқиғаны "ашық және тәуелсіз зерттеуге" шақырды


Өзбекстан мен Еуропа одағының туы
Өзбекстан мен Еуропа одағының туы

Еуропа соты Өзбекстанды "Қарақалпақстанда болған оқиғаны ашық және тәуелсіз зерттеуге" шақырды. Бұл жөнінде сыртқы байланыстар жөнінде Еуропа қызметі хабарлады.

"Адамдардың қаза болғанына және жараланғанына қатты өкінеміз және оқиғаның даму барысын қадағалап отырмыз. Президент Мирзияевтің конституциялық өзгерістерге байланысты қоғам алаңдаушылығына тез реакция білдіргенін мойындаймыз. Біз екі тарапты ұстамдылыққа, жағдайды әрі қарай ушықтырмауға немесе зорлық-зомбылық жасамауға шақырамыз", — дейді мәлімдемеде.

Еуропа одағы Өзбекстанды "өзіне алған халықаралық міндеттемелері бойынша адам құқығына, соның ішінде ой-пікір және жиын еркіндігі туралы негізгі құқықтарына кепілдік беруге" шақырған.

"Еуропа одағы Өзбекстанмен серіктестігін ұдайы дамытып келеді. Өзбекстанның реформа жасауға күш салып отырғанын қолдаймыз және оны әрі қарай да халықаралық нормаға сай мүдделі тараппен, азаматтармен кеңесе жалғастырғанын қалаймыз", — дейді Еуропа одағы.

"4 шілдеде Өзбектан президенті Шавкат Мирзияев Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті" дейді Мирзияевтің баспасөз қызметі.

Өзбекстан президенті Мишельге "Жаңа Өзбекстанда демократиялық, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасауға қолдау білдіргені үшін алғыс айтқан".

1 шілдеде Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан автономиялы республикасының астанасы Нөкіс қаласында жаппай наразылық басталып, Өзбекстан құқық қорғау органдары күшпен басқан.

Нөкістегі наразылыққа Өзбекстанның алдағы желтоқсан айында референдумға шығарылатын конституциясында Қарақалпақстанға байланысты өзгерістер себеп болған.

Өзбекстанның қазіргі конституциясы бойынша Қарақалпақстан "егеменді республика" болып саналады, Қарақалпақстан бүкілхалықтық референдум негізінде Өзбекстан құрамынан бөлініп шыға алады" деп көрсетілген. Конституцияның жаңа жобасынан бұл нормалар алынып қалған.

Бүгін Өзбекстан бас прокуратурасы Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде болған наразылық кезінде 18 адам қаза тауып, 243 адам жараланғанын, 516 адам қамауға алынғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG