Accessibility links

Қаңтар оқиғасынан соң үтікпен азапталған Азамат Батырбаев шартты жазамен бостандыққа шықты


Қаңтар оқиғасынан соң "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген күдікпен қамалған Азамат Батырбаев бостандыққа шыққан сәт. 5 шілде 2022 жыл.
Қаңтар оқиғасынан соң "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген күдікпен қамалған Азамат Батырбаев бостандыққа шыққан сәт. 5 шілде 2022 жыл.

Талдықорған қаласының соты Қаңтар оқиғасынан соң "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген күдікпен қамауға алынған Азамат Батырбаевқа төрт жарым жыл шартты жаза берді. Бұл туралы Азаттыққа Батырбаевтың әпкесі Гүлмира Сейдахметқызы хабарлады.

- Төрт жарым жыл шартты жаза да аз емес. Бірақ бір күн бостандыққа не жетсін. Бала-шағасының, ата-анасының қасына келді. Қаншама қиындық көрді, қаншама қорлық көрді. Біз мына жақта қаншама қорлық көрдік. Әлі де қорқыныш сейілмеді, дегенмен бостандыққа не жетсін, - деді Азаматтың әпкесі.

21 маусымдағы сот отырысында Азамат Батырбаев "кінәсін мойындап", тергеумен келісімге келгені хабарланған еді.

Азамат Батырбаев Талдықорғанда Қаңтар оқиғасынан кейін "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген күдікпен қамауға алынған. Жергілікті БАҚ оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішін құлатуға қатысты деп сипаттайды. Қаңтардың соңында әлеуметтік желіде Азамат Батырбаевтың қолы мен денесі көгерген, күйген ізі көрінетін фотосуреті жарияланған. Оның туыстары Азаматты ұрып-соққанын, денесін үтікпен күйдіргенін мәлімдеген.

Абақтыда азап көрді деген Азамат Батырбаев
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:06 0:00

Наурыздың басында Бауыржан Азанов Азамат Батырбаевты азаптаған күдіктінің тұтқындалғанын хабарлаған. Оның сөзінше, азаптаған адам — Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкері.

  • 2 қаңтарда Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында сұйылтылған газ бағасының көтерілуіне қарсылықтан бастау алған жаппай наразылық бірер күнде Қазақстанның барлық облысын қамтыды. Бірқатар қалада наразылықтың аяғы қантөгіске ұласты. Ресми мәлімет бойынша, 238 адам көз жұмды (арасында күш құрылымдарының 19 қызметкері бар). Марқұмдардың алтауы түрмеде азаптаудан көз жұмған.
  • Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты мыңдаған адам ұсталып, жүздеген адамға "терроризм", "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру", "қару-жарақ сақтау" сынды айыптар тағылды. Ұсталғандардың дені тергеу кезінде азапталғанын мәлімдеді.
  • Құқық қорғау ұйымдары Қаңтар оқиғасын тергеуге халықаралық мамандарды шақыруды сұраған. Бірақ билік оның қажеті жоқ деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG