Ерлан Тұрғымбаев президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды. 17 тамызда кешке Ақорда мемлекет басшысының сондай өкімге қол қойғанын хабарлады.
60 жастағы Ерлан Тұрғымбаев Қанды қаңдардан кейін ішкі істер министрі қызметінен босатылып, артынша президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.
Қаңтар оқиғасынан соң кісі өлімі, абақтыдағы азаптауларға байланысты елде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап еткен петициялап пайда болып, мыңдаған адам қол қойған. Кейбір тұрғындар оны қызметтен алу жеткіліксіз, жауапқа тарту қажеттігін алға тартқан.
Тұрғымбаев 2019 жылы ішкі істер министрі болғанға дейін шамамен жеті жыл ішкі істер вице-министрі болды.
17 тамызда таңертең Тоқаев бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның Ұлыбританиядағы, Ирландия және Исландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатқан. Кадрлық ауыс-түйістің себебі айтылмады.
Қарай отырыңыз: Тұрғымбаев ІІМ қызметінен кетті, Назарбаева депутаттық өкілетінен айырылды (25 ақпан 2022 жыл).
ПІКІРЛЕР