Accessibility links

Түркияда қаза болған екі қазақстандықтың денесі Алматыға жеткізілді


Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда жойқын жер сілкінісі кезінде қаза болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің денесі 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді деп хабарлады. "Тасымалдау бойынша бар шығынды мемлекет мойнына алды" деді ол.

Бұған дейін Қазақстан СІМ жер сілкінісінен кейін үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сәбина Мамадиярова Түркияның Адана қаласында ауруханада жатқанын, оның қолына операция жасалғанын хабарлаған. Министрліктің мәліметінше, Қаһраманмараш қаласында тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр.

Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза болғандар 28 мыңнан асты деп жазды халықаралық БАҚ жексенбі күні. Түркия вице-президенті Фуат Октай сенбі күні қаза болғандар 24,6 мыңнан асты деп мәлімдеген. BBC сайты іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, бірақ тірі қалғандарды табу ықтималдығы сейіліп барады деп жазды.

6 ақпан күнгі жер сілкінісі адам шығыны бойынша 21-ғасырдағы ең ірі апаттар арасында жетінші болып тұр. Ондаған мың адам жарақаттанды, жүздеген мың адам баспанасынан айырылды.

Бұған дейін Қазақстан жер сілкінісінің эпицентрі Газиантеп қаласына құтқарушылар мен дәрігерлерді жіберген. Бұған қоса, Астана Түркияға 1 млн доллар көлемінде шұғыл көмек беретінін айтқан. Үкімет сонымен бірге Сирияға гуманитарлық көмек жібереді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 160 млн теңге қаражат бөлінеді. 10 ақпанда Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жылы киім, азық-түлік, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары салынған салмағы 50 тонна болатын көмек Сирияға арнайы әуе ұшақтары арқылы жеткізіледі деді. Алғашқы ұшақ Сирияға 10 ақпанда ұшып кеткен.

Түркияда қазақстандық екі азаматтың мүрдесі табылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

XS
SM
MD
LG