Accessibility links

Ресейде қамауда болған тағы бір қырғыз азаматы Украинадағы соғыста қаза тапқан


Ерлан Ермеков.
Ерлан Ермеков.

Ресейде түрмеде қамауда болған тағы бір қырғыз азаматы Украинадағы соғыста қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Соғыста опат болған Қырғызстан азаматы Ерлан Ермековтің анасының айтуынша, ұлы "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы арқылы соғысқа тап болған.

Әйел ұлы өлгенін 20 ақпанда естіген.

"Ол 6 ақпанда опат болған екен. Түрмедегі балаларды соғысқа жіберудің қажеті жоқ. Мен жалғыз ұлымнан айырылдым. Өзге аналардың бұлайша қайғыдан қан жұтуына жол бермеңіздер, өзге балаларды құтқарыңыздар" деді марқұмның анасы Гүлнәр Закирова.

Ақпаратқа қарағанда, Ресейде 9 жылға сотталған 30 жастағы Ерлан Ермеков Украинадағы соғысқа "Вагнер" жекеменшік әскери тобы арқылы барған. Ол соғыста шамамен төрт ай болған. Ермеков Ресейде 2019 жылы "тонау" және "зорлау" бабымен айыпталып, бас бостандығынан айырылған.

30 жастағы Ерлан Ермеков – Украинадағы соғыста қаза болғаны белгілі болған төртінші қырғыз азаматы. Олардың барлығы Ресейде түрмеде отырған.

Кейінгі мәліметке қарағанда, Ресейдің 79 жазалау мекемесінде 1077 қырғыз азаматы жазасын өтеп жатыр. Бұған дейін Жогорку кеңеш депутаты Ресей түрмесіндегі қырғыз азаматтарын соғыстан қорғау үшін оларды елге экстрадициялауды жеделдетуге үндеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG