Accessibility links

Ресей Қазақстанға үш жылу электр станциясын салып бермекші


Теміртау жылу электр станциясы.
Теміртау жылу электр станциясы.

9 қарашада Қазақстан және Ресей басшыларының қатысуымен өткен өңіраралық форум барысында тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Оған сәйкес, Ресей Қазақстанның үш қаласына – Өскемен, Көкшетай және Семейге жылу электр станциясын салып бермек.

Былтыр қараша соңында Екібастұз жылу электр станциясында ірі апат болып, содан кейін елде жылу желілерінің әбден тозғандығы және инфрақұрылымдарды жаңалау үшін тарифтерді көтеру қажеттігі айтылған.

Биыл үкімет жылу энергетика нысандарына республикалық және жергілікті бюджеттен 37 млрд теңге бөлген.

9 қарашада Қазақстанға ресми сапармен Ресей басшысы Владимир Путин келген. Сарапшылар Батыс елдерінің ұзақ уақыт бойы Ресейдің ықпал ету аймағы саналып келген Орталық Азияға қызығушылығы артқан шақта Ресей басшысының Қазақстанға келгенін атап өтіп отыр.

Бейсенбі күні түстен кейін Ақордада екі ел басшылары 19-шы өңіраралық ынтымақтастық форумын ашқан. Оған Тоқаев пен Путин видеобайланыс арқылы қатысты.

Ақпаратқа қарағанда, шарада ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланған.

Шара кезінде Қазақстан сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин форумға қатысушыларға ресейлік компаниялар қант зауыттарына ие болып, Қазақстанның оңтүстігінде жылыжай кешендерін ашып жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG