Accessibility links

West Oil Software жұмысшыларының ереуілде тұрғанына бір айға жуықтады. Олар Тоқаевқа үндеу жолдады


West Oil Software жұмысшылары ереуілде тұр. Жетібай кеніші, Маңғыстау облысы, 15 желтоқсан, 2023 жыл
West Oil Software жұмысшылары ереуілде тұр. Жетібай кеніші, Маңғыстау облысы, 15 желтоқсан, 2023 жыл

Маңғыстау облысы Жетібай кенішінде West Oil Software компаниясының жұмысшылары ереуілдеп тұрғанына 29 күн болды. Бұл туралы жұмысшылар 8 қаңтарда билікке қайырылған видеомәлімдемесінде айтты.

Наразылар жұмыс жағдайын жақсартуды талап етеді.

Дүйсенбі жұмысшылар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, жағдайға назар аударуды сұрады. Олар талабымыз орындалмайынша ереуілді тоқтатпайтын айтты.

"Осы күнге дейін талабымызды шешуге емес, халықты таратуға түрлі деңгейде қысым көрсетіліп жатыр. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев біздің мәселемізді шешуге құлықсыздық танытып, үнсіз отыр. Бұл жерде тұрған адамдар – содырлар емес, қылмыскер емес. Әділдікті, болашақты талап етіп тұрған азаматтар. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, осы мәселелер бойынша нақы шешім қабылдауды талап етеміз" дейді видеоүндеуде жұмысшылар.

West Oil Software жұмысшылары 11 желтоқсанда жұмыс тоқтатқан. Жұмысшылар West Oil компаниясын "ҚазМұнайГаздың" мердігері Oil Transport corporation (ОТК) балансына қосу, бірыңғай төлем жүйесін енгізу және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етеді. Бұған дейін ҚМГ олардың алғашқы екі талабын орындай алмайтынын айтқан. Жергілікті сот ереуілді заңсыз деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG