Accessibility links

ІІМ су тасқынында кемінде 7 адам қаза болғанын растады


Су тасқыны құлатып кеткен үй. Ақтөбе облысы, Қаратал ауылы. Сәуір 2024 жыл.
Су тасқыны құлатып кеткен үй. Ақтөбе облысы, Қаратал ауылы. Сәуір 2024 жыл.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев сенат кулуарында Қазақстандағы су тасқынынан 7 адам қаза болғанын, әрқайсысына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Вице-министрдің сөзінен жергілікті ақпарат агенттіктері үзінді келтірді.

"Иә, өкінішке қарай мұндай жағдайлар болды, БАҚ-та көп айтылды. Абай облысында екі адам жоғалды, Атырау облысында кейбір мәйіттер табылған. Абай облысында іздеу шаралары жалғасып жатыр" деді Қожаев. Қазіргі кезде адам қазасына қатысты 7 қылмыстық іс қозғалған.

Қожаевтың сөзінше, тиісті процессуалдық шаралар аяқталғаннан кейін жай-жапсары анықталмақ. Олардың өліміне кінәлілер бар-жоғы да сол кезде белгілі болады деді ол.

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан төрт адам опат болғанын мәлімдеген. Абай облысында өзен тасып жатқанда хабарсыз кеткен төрт адам іздестіріліп жатқаны хабарланған. Ақтөбе өңірінде еріген қар суына батып мерт болған екі баланың ажалына "тасқынның қатысы жоқ" деген еді жергілікті билік.

Видео: Суға батқандар мен хабарсыз кеткендер (17 сәуір 2024 жыл).

Суға батқандар мен хабарсыз кеткендер
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG