Accessibility links

Ұлытау облыстық соты кеншілердің құқығы туралы істі қайта қараудан бас тартты


Бүркітбай Насырханов
Бүркітбай Насырханов

Ұлытау облыстық соты азаматтық белсенді, "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы кеншісі Бұркітбай Насырхановтың кеншілер құқығы туралы азаматтық ісін қайта қараудан бас тартты. Ол апелляциялық соттың шешіміне келіспейді және кассациялық шағым түсірмекші.

Азаматтық іс Жезқазған қаласында қаралды. Сот 1 тамызда кешке істі жарты сағат ішінде қарап, шешім шығарды. Облыстық сот "істі қарауға негіз жоқ" деген алдыңғы инстанция шешімін өзгертпеді. Сотқа тек Насырханов қатысты, бұрынғы жұмыс беруші компаниядан ешкім келген жоқ.

Сот кезінде белсенді істі қайта қарауға негіз беретін фактілер барын айтты.

— Жерасты жұмысының ұзақтығын өзгерту туралы мемлекеттік еңбек инспекторының 2000 жылы 5 желтоқсанда корпорация президентінің атына жазған бұйрығында көрсетілген заңды фактілер бар, бұл мәселені дұрыс шешу үшін маңызды деп есептеймін, – деді сотта Насырханов.

Ол Сәтпаев қалалық сотының шешімінің күшін жоюды сұрады. Маусым айында алғашқы инстанция істі тараптардың қатынуынсыз қарап, 2000 жылғы сот шешімін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта қарау туралы өтінішті орындамаған. Ол кезде бұрынғы кенші "Қазақмыстан" жалақы мен моральдық өтемақы өндіруді талап еткен. Сот оның өтінішін кері қайтарды.

Белсендінің сөзінше, сот кезінде бас мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымы назардан тыс қалған, ішкі еңбек тәртібі, жұмысшылардың кестесі туралы ақпарат талап етілмеген. Шағым берушінің сөзінше, ол және өзге кеншілер артық істеп, оларға тиісінше жалақы берілмеген. Насырханов компания осылайша жұмысшыларға материалдық және моральдық шығын келтірді деп санайды.

Ал облыстық соттың түсіндіруінше, алғашқы инстанция "жаңадан ашылған мән-жайлар барын анықтай алмаған". Сол себепті аппелянттың сот актісін заңсыз деп тану туралы талабы негізсіз деп санайды.

"Қазақмыс" корпорациясы белсендінің талаптарымен келіспейтінін хабарлап, "арыз түсіру мерзімі өтіп кеткенін және оған негіз жоғын" алға тартты. Компания сонымен бірге еңбек инспекторының ұйғарымы 2001 жылы еңбек министрлігінің қадағалауыме орындалғанын және жерасты кеншілерінің жұмыс кестесі заңнамаға сәйкес екенін мәлімдеді.

57 жастағы бұрынғы кенші, азаматтық белсенді Бүркітбай Насырханов ұзақ жылдан бері аймақтағы кеншілердің құқықтарын қорғап, тәуелсіз кәсіподақ құруға күш салып келеді. Ол билікті және Ұлытау облысындағы ең ірі жұмыс беруші "Қазақмысты" сынағаны үшін талай қудаланған. Кейінгі жылдары Насырхановқа қатысты екі үкім шыққан. Екеуі де оның азаматтық белсенділігіне қатысы бар деп айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG