Accessibility links

"Журналистерді қорғау комитеті" Қазақстан үкіметінің тілшілерді аккредиттеу ережесін сынады


Үкіметтің баспасөз орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев журналистер сұрағына жауап беріп отыр. Астана, 18 маусым, 2024 жыл.
Үкіметтің баспасөз орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев журналистер сұрағына жауап беріп отыр. Астана, 18 маусым, 2024 жыл.

"Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) Қазақстандағы БАҚ өкілдерін аккредиттеу ережелеріндегі кейінгі өзгерістер мен шетелдік БАҚ-ты аккредиттеу ережесіне енгізуге ұсынылған өзгерістер үкіметке сын айтатын журналистердің үнін өшіруге қолданылуы мүмкін деп алаңдайды. Комитет 3 қыркүйекте осындай мәлімдеме жариялады.

"Қазақстанда аккредиттеу ережелеріне жаңадан енгізілген және енгізуге ұсынылған түзетулер шектен тыс, олар цензураға кеңінен жол ашады. Журналистер президент Тоқаевтың "Жаңа Қазақстанда" уәде еткен ашықтығы орнына, қатаң мемлекеттік бақылауға ұшырап жатыр", – деді "Журналистерді қорғау комитетінің" Еуропа мен Орталық Азиядағы бағдарламаларын үйлестіруші Гүлноза Саид.

Комитет "Қазақстан билігі журналистердің заңды шағымдарын тыңдап, БАҚ-ты аккредиттеу ережелерін қайта қарауға тиіс" деді.

"Журналистерді қорғау комитеті" түзетулерге байланысты Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі мен сыртқы істер министрлігіне сауал жолдағанымен олардан әзірге жауап келмеген.

Цензура емес пе? Қазақстан шетелдік БАҚ-қа арналған ережені өзгертпек
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:57 0:00

Биыл Қазақстанда БАҚ туралы заң өзгеріп, тамызда "Масс-медиа туралы" деп аталған жаңа құжат күшіне енген. Кейін мәдениет және ақпарат министрінің журналистерді аккредиттеудің жаңа қағидалары бекітілген бұйрығы жарияланды. Министр Аида Балаева қол қойған бұйрыққа сәйкес, әрбір мемлекеттік орган журналистерге арналған ішкі тәртібін бекітеді. Ал оны екі реттен артық бұзған тілші аккредитациядан айырылып, ол органға алты ай бойы кіре алмайды.

Жаңа қағидалардан соң үкімет үйінде өзгеріс болды: журналистердің министрлер кабинеті отырыс өткізетін қабатқа кіру құқы шектелді. 27 тамызда үкіметтің баспасөз қызметі БАҚ өкілдерін төменгі қабаттағы баспасөз орталығына көшіріп, отырыс өтетін залға қарай көтерілуге тыйым салған.

"Құқықтық медиа-орталық" ұйымының өкілі, заңгер Гүлмира Біржанова министр Балаеваның бастамасымен әзірленген құжатта БАҚ өкілдерінің емес, тіркеу жүргізетін мекеменің мүддесі басымырақ әрі оларға берілген құзірет шексіз деп сын айтты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік органдардың бәрі өз қызметі туралы айтуға мүдделі, сондықтан драма жасаудың қажеті жоқ деді.

"Шекарасыз тілшілер" (RSF) ұйымы әзірлейтін Баспасөз еркіндігі индексінде Қазақстан әлем бойынша 180 елдің арасында 142-орында тұр.

Үкімет БАҚ-ты неге төменге түсірді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:08:29 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG