Accessibility links

Алматы облысында полиция басқармасының бірқатар басшылары қызметтен кетті


Талғар қаласы. Көрнекі сурет.
Талғар қаласы. Көрнекі сурет.

Мейрам Әбікеев Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл жөнінде polisia.kz сайты хабарлады. Әбікеев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Аймақтың бұрынғы басшысы Бауыржан Әленовті президент Қасым-Жомат Тоқаев 7 қазанда ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындаған еді.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.

Сенбі күні облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары – Серік Шалқаров, Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Кунтунов, департаментке қарасты экстремизммен күрес басқармасының бастығы Ұлан Байтақов, криминалды полиция басқармасының жетекшісі Руслан Смағұлов, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жетекшісі Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров қызметтен босатылғаны белгілі болды.

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметіне Бағдат Әшім тайындалған.

ІІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство басшысы Ержан Сәденов «Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу барысы туралы жедел-тергеу тобының есебін тыңдағанын» айтты.

Бұл Алматы облысында қатігездікпен өлтірілген, қоғамда резонанс туғызған 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін ІІМ басшылығы мен басқарма жетекшілері арасындағы тағы бір кадрлық ауыс-түйіс. Бір күн бұрын Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевты қызметінен босатқан.

Қазақстан қоғамын дүр сілкіндірген Шерзат Болаттың өлімінен кейін жеті күннен соң оның жақындарының үйі өртенді. Тергеу органдары үйге әлдекімдер от қойған болуы мүмкін деп санайды. Марқұмның отбасы өздерін қорғауды сұраған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тұрғындардың бір бөлігі қылмысқа жергілікті қылмыстық топтың қатысы бар деп санайды. Ал ІІМ жасөспірімнің қазасына ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы жоқ, ондай "топ есепте жоқ" деп мәлімдеген.

Бірақ соған қарамастан жасөспірімнің қазасынан кейін жергілікті шенеуніктер отставкаға кетті. Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков пен орынбасары Сағындық Матан "лауазымдық міндеттерін тиісті дәрежеде атқармағаны үшін" қызметтерінен кеткен. Талғар ауданының әкім аппаратының жетекшісі Аслан Қасымбаев отставкаға жіберілді. Ақпаратқа қарағанда, ол "ұйымдасқан қылмыстық топқа жетекшілік ететін" Хасан Қасымбаевтың бауыры. Әкімдік өкілдері бұған дейін Аслан Қасымбаевтың туыстарынан хабарсыз екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG