Accessibility links

Мектепке кірерде хиджабын шешкізеді. Өзбекстандағы науқан


Өзбекстандағы мектептердің бірінің алдында тұрған мұғалімдер. Көрнекі сурет.
Өзбекстандағы мектептердің бірінің алдында тұрған мұғалімдер. Көрнекі сурет.

Өзбекстанның Ташкент облысында мұғалімдерге күнделікті таңертең мектептің кіреберісінде тұрып, оқушы қыздардың сабаққа орамалдарын шешіп кіруін қадағалау туралы нұсқау берілген.

Жаңа бейресми нұсқау - билік "әсіре исламшыл" санайтын киім үлгісі мен қауға сақалға қарсы науқанның бір бөлігі.

Өзбекстанның білім саласындағы шенеуніктер мектептер мен қоғамдық орындарда орамал сияқты ислам дінінің белгісі саналатын киімдер киюге тыйым салады.

Өзбекстанда соңғы кездері шенеуніктер мектеп пен өзге де қоғамдық орындарда пен исламның дәстүрлі киім үлгілеріне қарсы шараларды күшейткен. Азаттықтың Өзбек қызметіне (Озодлик радиосы) Ташкент облысындағы білім бөлімінде өткен жиыннан жазылған аудиотаспа түсті. Жиында мектеп директорларына оқушы қыздардың мектепке орамал байлап келуін тоқтату туралы тапсырма берілген. Жиынға қатысқан биліктің екі өкілі таспадағы жазбаның шынайылығын растады. Үкіметті сынағандар қатаң жазаланатын елде қудалауға ұшыраудан қорыққан олар өз аты-жөндерін атамауды өтінді. Екі шенеуніктің айтуынша, әлгі жиын биылғы қыркүйек айының соңында, жаңа оқу жылы басталғаннан кейін бірнеше аптадан соң өткен.

Аудиотаспада білім бөлімі басшысының мектеп директорларына қа қарсы жаңа шаралар туралы айтқан сөзі жазылған. "Күнделікті таңертеңгі сағат жетіде мектептің алдына кезекші қоюға тиіссіздер" дейді ол.

Бұйрығының орындалғанына көз жеткізу үшін шенеунік кезекшілікте тұрған мұғалімдердің суретін жіберуді талап еткен. "Суреттерді күнделікті таңертеңгі сағат 7:15-ке дейін маған жіберіңдер" дейді ол.

Негізінен мұсылмандар тұратын консервативті қоғамда мұның шетін мәселе саналатынын мойындаған білім бөлімінің басшысы мектеп директорларын хиджаб киетін оқушылар мен ата-аналардың ар-намысын қорламай, мұқият болуға шақырған.

"Хиджаб киетін қыздардың әкелері баласына ер мұғалім "орамалыңды шеш" деп айтса ренжиді. Бұл оларға қыздарына бөтен ер адам "шалбарыңды шеш" деп айтқандай әсер етеді. Сондықтан бұл міндетті тек әйел мұғалімдерге жүктеңдер" дейді ол.

Бұдан соң білім бөлімі басшысы оқушы қыздың мектепке кірерде шешкен орамалын мұғалім сынып жетекшісіне тапсырып, ол оны тартпаға "мұқият салып қойсын" деген нұсқау береді.

"Сабақтан соң кезекші мұғалім қыздарды қолынан жетектеп мектептің сыртына шығарып, орамалын қайтарып беруі керек" дейді шенеунік.

"Оқушы мектепте мұғалімдердің талабына бағынуы керек, ал ата-аналар ультиматум қоймауы тиіс" деген басшы "жағдайдың ауыр екенін және салмақты тапсырма" беріліп отырғанын айтқан.

Жиынға қатысқан мектеп директорларының бірі Азаттыққа басшылардың жаңа талабы мұғалімдерге қосымша міндет жүктеп, жұмыс уақытын ұзартты деп хабарлады. "Енді жұмысқа күнделікті таңертеңгі сағат 6:30-да келіп, киетін әр оқушыға жауап беруіміз керек" дейді ол.

Өзбекстан мектептерінде қабылданған ережеге сәйкес, оқу орнында шәкірттер мен мұғалімдердің пен өзге де діни үлгідегі киім киіп жүруіне тыйым салынған.

КИІМГЕ ҚОЙЫЛҒАН ТАЛАПҚА ҚАРСЫЛЫҚ

Білім саласындағы қа қарсы бейресми науқан кей оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдердің отбасы мүшелерінің наразылығын туғызды.

Әндіжан қаласында математика пәні мұғалімінің күйеуі әйеліне жұмыста орамал тақпау туралы кеңес берген мектеп директорының орынбасары мен қызметкеріне қол жұмсаған деп хабарлады шенеуніктер қазанның 8-і күні. Куәгерлердің Азаттыққа айтуынша, математика пәні мұғалімі басшылықтың кеңесіне құлақ аспай, күйеуіне хабарлайтынын айтып сес көрсеткен. Мұғалімнің жұбайы досымен бірге мектепке келіп, директордың орынбасары мен тағы бір қызметкерге бейсбол таяғымен тап берген. Олар мектеп қызметкерлеріне араша түспек болған басқа да бірнеше мұғалімге қол жұмсаған.

Әндіжандағы білім саласы мен аурухана қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігімен жақын жердегі ауруханаға жеткізген. Өзбекстандағы ақпарат құралдары жәбірленушілердің тісі сынып, дене жарақатын алғаны туралы хабарлады. Ресми адамдардың айтуынша, бұл оқиға қазанның 5-і күні Әндіжандағы №50 мектепте болған.

ЖАҢА ШЕКТЕУЛЕР

Ташкенттегі мектеп директорларының бірі Азаттыққа Өзбекстанда 2016 жылы билікке Шавкат Мирзияев келгеннен кейін қа қарсы шектеулер біршама бәсеңдегенін айтты.

Мирзияев бірқатар діни еркіндік беріп, экстремизм бабы бойынша түрмеге жабылған жүздеген тұтқынды босатқан. Ықтимал экстремистердің қара тізімінен мыңдаған адамды шығарған.

Соңғы уақытта Өзбекстан билігі дінге байланысты шектеулерді күшейткені туралы ақпарат жиіледі. Қоқан қаласындағы бірқатар мектепте орамал тағатын оқушы қыздардың тізімі жасалған. Азаттық радиосына ақпарат бергендер бұл тізім оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті билікке жіберілгенін айтқан.

Ташкент пен Наманган қаласында полиция базарға барып, сақалы ұзын жігіттерді жинаған. Оларды полиция бөлімшесіне жеткізіп, сақалдарын алып тастаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG