Өскемен мен Семейдің тас қараңғы көшесі. Жарыққа бөлінген ақша қалай жұмсалды?
Өскемен мен Семей қалалары 2022 жылы екі облысқа бөлініп кетсе де, ортақ проблемалар зардабын тартып келеді. Соның бірі – қаланы жарықтандыру мәселесі. 2017 жылы екі қаланың көше шамдарын жетілдіріп, "Лас-Вегастай жайнатуға" Еуропаның қайта құру және даму банкінен 3,6 млрд теңге несие алынған. Қазір ол қарыз "халықтың ақшасынан" төленіп жатыр, бірақ ондаған көшедегі мыңдаған шам әлі жанбайды.
ПІКІРЛЕР