Қарашаның 25-і күні Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына «қала аумағында екі-үш балдық жер сілкінісі тіркелгені» жөнінде хабарлама келді. Жер тербелісінің эпицентрі Алматы қаласынан 489 шақырым қашықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында болған. Қуаты Таразда -үш балл, Шымкентте екі-үш балл аралығында сезілген.
Алматы қаласында 19-ғасырдың аяғы және 1911 жылы бірнеше жойқын зілзала болған. Мұнан соң қала сейсмикалық қауіпті аймақ ретінде танылған. Тарихи деректерге қарағанда, 1911 жылғы жер сілкінісі 9 -10 балға жетіп, Верныйдағы (Алматының сол кездегі атауы - ред.) көптеген ғимараттардың қатты зардап шеккені айтылады.
Алматыдағы сейсмология институтының жер сілкіністері жөнінде болжамдары қандай? Тұрғындардың телефондарына жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама жіберу нені аңғартады? Сейсмология институты қауіпті алдын-ала болжай ала ма? Институт өткен жылы уәде еткен «Алматының сейсмологиялық картасы» қашан дайын болады? Осы және өзге де сауалдарға сейсмология институты директоры Таңатқан Абақанов жауап берді.