Accessibility links

Мұстафа Шоқай жайлы мақалаға қатысты сот үкімі шықты


Мұстафа Шоқай. (Суреттің фотокөшірмесін берген - ғалым Әбдіуақап Қара).
Мұстафа Шоқай. (Суреттің фотокөшірмесін берген - ғалым Әбдіуақап Қара).

Өскемен қалалық сотында «Мұстафа Шоқай жолымен» деп аталатын деректі фильмнің авторы әрі режиссері Қасымхан Бегмановтың өскемендік журналистерге қарсы түсірген талап-арызы бойынша шешім шықты. Адвокаттың сөзіне қарағанда, судья «мақаладағы теріс пікір - фильмнің авторына емес, кейіпкеріне қатысты» екенін айтып, Бегмановтың арызын қанағаттандырмаған.

Сотқа себеп болған - фильм авторы Қасымхан Бегмановтың «Flash!» газеті бас редакторы Денис Данилевский мен журналисі Сергей Михеевке байланысты жазылған арызы.

ҮКІМ

Бүгін Денис Данилевский судьяның "Бегманов берген талап-арызды қанағаттандырмау және сот процесіне кеткен шығынды өтеп беру туралы" шешім шығарғанын айтты.

- Соттың шешімі заңды, әділ әрі негізі бар. Біз бұл шешімге ризамыз, - деді Азаттыққа түсініктеме берген бас редактор.

Ал Қасымхан Бегмановтың қорғаушысы Галина Хванның пікірінше, судья шешімді "мақаладағы теріс пікір фильмнің авторына емес, кейіпкеріне қатысты айтылған" дегенге сүйеніп шығарған".

Галина Хван Қасымхан Бегмановтың шешімге қарсы Шығыс Қазақстан облыстық апелляциялық сотына шағымданатынын айтты.

Қасымхан Бегманов «енді Мұстафа Шоқайдың туыстарын іздестіріп, тағы сотқа бермек».

ДАУ

Қасымхан Бегманов өскемендік «Flash!» газетінің бас редакторы мен журналисін Мұстафа Шоқай туралы теріс пікір таратқанын айтып, сотқа берген еді. Фильм авторы журналист Денис Данилевскийдің «Национал--демократы против
Мұстафа Шоқай. (Суреттің көшірмесі ғалым Әбдіуақап Қарадан алынған).
Мұстафа Шоқай. (Суреттің көшірмесі ғалым Әбдіуақап Қарадан алынған).
​Таможенного Союза» (2011 жылдың 26 шілдесі) деген мақалада Мұстафа Шоқайды «қазақтың Власовы, фашистердің құйыршығы» деп жазғанына наразы екенін айтқан.

Ал журналист Сергей Михеевтің осы газетте 2011 жылы 6 тамызда жарық көрген «Когда черное становится белым» деп аталатын мақаласында «Мұстафа Шоқай - Қазақстан мен Орта Азияның бола алмай қалған әміршісі, фашистік ұйымның басшысы, «Түркістан легионының» идеялық жетекшілерінің бірі» деген пікірлер айтылған.

Бегманов соттан «Flash!» газетінің редакциясын Мұстафа Шоқай туралы шығарған мақалаларын теріске шығаруды міндеттеуді және моральдық зардап келтіргені үшін өзіне бес миллион теңге өндіріп беруді сұраған. Оның ойынша, Мұстафа Шоқай ешуақытта «фашистердің құйыршығы», «қазақтың Власовы» болмаған - ол түрік халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігін көздеген».

СЫН

Шоқайтанушы ғалым Бақыт Садықова Қасымхан Бегмановтың «мамандармен алдын-ала ақылдаспаған саяси сауатсыз ақын» екенін айтып, оның «түпкі мақсаты - Мұстафа Шоқайдың атын жамылып атағын шығару» деп, фильмін де сынады.

– Қасымхан Бегманов – саясаттан алыс адам. Сондықтан мұндай тақырыпты жақсылап білмей тұрып фильм түсірудің қажеті жоқ еді, – дейді Бақыт Садықова.

Алайда Мұстафа Шоқай туралы фильм авторы Қасымхан Бегманов «екі жылдық экспедиция жұмыстарында бір емес бірнеше кеңесшілердің бірге жүргенін» айтты.

- Фильмнің бас кеңесшісі Мәмбет Қойгелді болды. Өзбекстан мен Қызылордағы бағытта - Дархан Қыдырәлі, Еуропа бағытында - Әбдуақап Қара, сондай-ақ Кавказ бағытында - Мақсат Тәжімұрат сынды белді шоқайтанушылар менің жанымда болды. Садықова ханымға тағы қандай мамандар қажет еді? - деді мамырдың 18-і күні түсініктеме берген Қасымхан Бегманов.
XS
SM
MD
LG