Мамырдың 25-і күні Қазақстан мектептерінде дәстүрлі соңғы қоңырау шарасы өтті. Оқушылар үшін бұл күн мереке іспеттес. Степногорск қаласындағы 7-орта мектепті бітіріп жатқан Айжанар Айтеева үшін де бұл күн ерекше.
- 6-сыныптан бастап дәрігер болуды армандап келемін. Қазір күні-түні емтихандарға дайындалып жатырмын. Астанадағы медицина университетіне түсуді көздеп отырмын, - деді Айжанар Айтеева Азаттық тілшісіне.
17 жастағы Айжанар құрдастарынан еш кем емес, жақсы оқиды, мектеп өміріне белсенді араласады, кезінде бимен де айналысқан. Алайда өзінің айтуынша, үш жыл бұрын оқушы құрбылары жабылып ұрып кеткеннен кейін, арбаға таңылып қалған. Биді тастауына тура келген.
ҚАТЫГЕЗДІК
Айжанар басынан өткерген оқиға туралы ашылып айтпады. «Қинамаңызшы, ешнәрсе айтқым да, еске түсіргім де келмейді» деп қысқа қайырды. Ал Айжанардың анасы Гүлмира мән-жайды түсіндіріп, қызын мүгедек еткендер жазасын алады деген үміті әлі өшпегенін айтты.
- Қызым 7-мектепте оқиды. 2010 жылдың ақпанында сабақтан кейін, көрші мектепте оқитын құрбысына барған. Екеуі бірге биге барулары керек болған. Айжанардың құрбысы өз мектебінің қыздарымен сөзге келіп қалады да, менің қызым арашаламақ болады. Айжанардың басқа мектептен келгенін байқаған үш қыз «Біздің мектепте неге жүрсің?» деген мазмұнда тиісіп, соққының астына алған, - деді Гүлмира Айтеева.
Анасының айтуынша, Айжанарды мектептің ауласында ұрып, есінен тандырған.
- 10 күн жансақтау бөлімінде жатқан қызымның миына зақым келген. Кейін миындағы жүріп-тұру функциясына жауап беретін тұсы зақымдалғаны анықталып, белден төмен жағы жансызданып қалды. «Парапарез» деген диагноз қойған дәрігерлер «18 жасқа дейін қызыңызды сауықтырмасаңыз, өмір бойы арбадан тұра алмайды» деді. Қазір 17-де, бір-ақ жыл уақытым қалды, - деп күрсінді Гүлмира.
«ЖАЗАЛАНАДЫ ДЕГЕН ҮМІТ ӘЛІ БАР»
Төрт баланы жалғыз өсіріп отырған Гүлмира Айтеева соңғы үш жыл Айжанарды дәрігерлер мен сауықтыру орталықтарына сүйреумен келеді. Соның арқасында қазір Айжанардың тізесіне жан бітіп, ара тұра төрт тағандап тұрады. Анасы Айжанарды шетелде емдетіп, бұдан да тезірек сауықтыруға қаржысы жоғын айтып налиды.
- Ең өкініштісі, оны мүгедек еткендер әлі жазаланған жоқ. 2010 жылы қозғалған қылмыстық іс сол қалпы тұр. Қызымды тепкілеген қыздардың ата-анасы ең болмағанда кешірім сұрап келген де жоқ, - деді Гүлмира Айтеева.
Айжанар Айтееваны соққыға жықты деп айыпталған адамдарға хабарласып, қандай да пікір алу мүмкін болмады. Ал істі қарап жатқан Степногорск қалалық ішкі істер бөлімшесінің аға тергеушісі Людмила Александрова бұл істі өзі тексеретінін айтты.
- Жақында ол істі мен аламын. 103-бап бойынша қозғалған бұл істі Ақмола облыстық прокуратурасы алып кетті. Олар сараптама жасайды. Содан кейін көреміз, - деп қысқа қайырды аға тергеуші Людмила Александрова.
«МЕКТЕП ДАУДЫ СЫРТҚА ШЫҒАРМАЙДЫ»
Биылғы мамыр айында Ақтау қаласындағы бір мектепте оқитын жас оқушы қыздардың құрбыларын сабап жатқан сәті түсірілген видео YouTube арнасы арқылы тарап кетті. Тым қатыгез көріністері үшін желіден алынып тасталған видеоның қысқарған нұсқасын жергілікті телеарналардың бірі көрсетті.
Бұл оқиға қоғамда «зорлық-зомбылық жасаушы жасөспірімдерді жауапкершілікке қалай тартуға болады» деген дискуссия тудырды.
Қазақстанда жасөспірімдердің ісін қарайтын алғашқы эксперименталдық ювеналды соттар 2007 жылы Алматы мен Астанада құрылған. Ал 2012 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында мұндай соттар іске кірісті.
Азаттыққа сұхбат берген Алматы қаласындағы ауданаралық ювеналды соттың судьясы Ернар Қасымбек ондай сот жастар арасындағы сотталушылар санын азайту үшін құрылғанын айтады. Оның сөзінше, былтырдан бері сотта оқу орнында болған төбелеске қатысты бір ғана оқиға қаралған.
- Бізге мұндай оқиға көп түспейді. Негізінен мектеп басшылығы өздерінің құзырында шешуге тырысады, дауды сыртқа шығармайды. Ал егер дау ішкі істер органдарына жетсе, олар сөзсіз хаттама толтырып, кәмелетке толмағандарды сотқа жібереді, - дейді ол.
АТА-АНАҒА ТҮСЕТІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қазақстанда ауыр қылмыс жасағаны үшін 14 жастан, жалпы қылмыс жасағаны үшін 16 жастан бастап жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылу да 16 жастан басталады.
- 16 жасқа дейін жасаған жалпы қылмысы үшін баланың әке-шешесі жауап береді. Денсаулықты қалпына келтіру, материалдық және моральдық шығынды да әке-шешесі өтейді, - дейді судья.
Ернар Қасымбек, негізінен кәмелетке толмағандар ісі бойынша жаза тағайындамай, мәжбүрлі түрде тәрбиелеу шараларын тағайындауды жөн санайды.
- Баланы ата-анасына табыстаймыз, жүріп-тұруына шектеу қоямыз, жәбірленушіден кешірім сұрауды міндеттейміз. Бір рет шалыс басқандарды соттамай, осылай тәрбиелеген жөн. Себебі балаға үкім шығардың не, үкім шығармадың не - әсері бірдей. Жасында ол оны түсінбейді, - дейді судья.
Ал Алматыдағы 49-мектептің психологы Әйгерім Ахметова мектептегі зорлықтың себебін отбасындағы проблемалардың көрінісі деп біледі.
- Ата-ананың қолы тимейді, балаға көңіл бөлмейді, кейде үлкендер өз ашуын баладан алып жатады. Ал бала үлкенге өз ашу-ызасын көрсете алмайды ғой. Сөйтіп мектепке келгенде сәл әлсіздеу құрбыларына өз агрессиясын көрсетеді. Ал ғаламторға зорлық-зомбылық роликтерін ілуі – өзіне көңіл аудартудың, өзін көрсетудің бір жолы. Бұл - баладағы комплекс, кембағалдық психология, - дейді психолог.
Статистика бойынша, 2012 жылы елде кәмелетке толмағандардың қолымен жасалған 300 бұзақылық пен қоқан-лоқы көрсету фактісі тіркелген. Одан бөлек жасөспірімдер арасындағы мұндай зорлық-зомбылықтан 70 адам көз жұмған.

Ең өкініштісі, оны мүгедек еткендер әлі жазаланған жоқ. 2010 жылы қозғалған қылмыстық іс сол қалпы тұр.