Шілденің 16-сы күні Маңғыстау облысына іссапармен барған Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовті жаңөзендіктер наразылық ұрандарымен қарсы алды.
«Жаңаөзен жәбірленуші» тобын құрған атыраулық құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиеваның айтуынша, Жаңаөзен тұрғындары қалаларына келген премьер-министрмен кездеспек болған.
Жаңаөзендіктер «Кәрім, керім болсаң желтоқсанда қайда болдың?», «Қан жібермейді!», «Сарыбөпеев әділ жазаға тартылсын!» деген жазулары бар плакаттар көтеріп тұрған.
Жергілікті тұрғындар Жаңаөзенде шілденің 15-сі күні болған қатты дауыл мен нөсерден де зардап шеккендерін де премьерге айтпақ болған.
– Олардың басым көпшілігі қаладағы мемлекеттік бағдарламаға орай салынған үйлер екен. Жиналғандардың біразы үйлерін жедел жөндеуді талап етті, – дейді Әсел Нұрғазиева.
ПЕТИЦИЯ
Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан Атаберген Дүйсекеновтің әкесі Хасен Дүйсекеновтің сөзінше, олар соттың бірқатар шешімдеріне наразы екендерін премьер-министрге мәлім етпек болған.
– Біздер, жәбірленушілер, соттың Орақ Сарбөпеевті ақтағанына қарсылығымызды, Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевтың президент әкімшілігіне жұмысқа кіргеніне наразылығымызды премьерге айтқымыз келген. Бірақ Мәсімов бізге қараған да жоқ, – деді ол Азаттық тілшісіне.
Ал Жаңаөзен тұрғыны Венера Попованың айтуынша, премьер-министр өзін қалалық әкімшілік алдында күтіп тұрған адамдармен кездеспесе де, жұрттың арасынан екі кісіні қабылдап, петицияларын алған.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Жаңаөзенге бұл жолғы сапары – қалада былтыры 16 желтоқсанда болған оқиғадан кейінгі алғашқы баруы.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы Нұрбол Телегеновтің айтуынша, «премьер-министр облысқа жай жұмыс сапарымен келген». Ол Мәсімовтің Жаңаөзенге сапарынан бейхабар екенін айтты.
Жаңаөзен қаласы әкімі Серікбай Тұрымов телефонға жауап бермеді. Қала әкімдігіндегі аты-жөнін айтудан бас тартқан қызметкер «әкім орынында жоқ» деп жауап берді.
Кәрім Мәсімовтің Жаңаөзенге барғанын қалалық ішкі істер басқармасының кезекшісі ғана растады.
– Ол сағат 10 мен 11 аралығында, бір сағаттай аялдады. Одан кейін тікұшақпен Ақтауға ұшып кетті, – деді кезекші.