Accessibility links

Жаңаөзендегі жағдайды «президенттің өзі де білмеді» дейді зиялылар


Мұрат Әуезов: «Полицияның халықты атқаны – қылмыс»
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:22 0:00

Мәдениеттанушы Мұрат Әуезов. Алматы, 25 қаңтар 2012 жыл.

Бүгін бірнеше азамат Алматыдағы тәуелсіздік монументі түбіне жиналып, Жаңаөзенде қаза тапқан адамдардың қырқына орай марқұмдарға Құран бағыштады.


Шараны ұйымдастырғандар – 1963 жылы Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» ұйымына мүше болған мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, демограф Мақаш Тәтімов, Аймұқан Таужанов және Болат Әбілов бастаған оппозиция белсенділері Жаңаөзен оқиғасына байланысты пікірлерін айтты.

«ІШТЕЙ НАРАЗЫЛЫҚ»

Маңғыстау өңірінің тумасы Аймұқан Таужанов желтоқсанның 16-сы күнгі «қанды қырғынға іші қан жылайтынын», алаңға «сол қырғында құрбан болған азаматтарды еске алып, іштей наразылықтарын жеткізу үшін» жиналғандарын айтты.

Ал демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша, «Жаңаөзен оқиғасы мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ұқсастықтығы көп».
Үкімет те, парламент те үндемегеннен кейін... президенттің өзі де білмеді. Осындай жағдайға ұшырады.

– Желтоқсанда да дәл осылай «бұзақылар» деп айыптаған. Ешқандай да олар бұзақы емес. Сегіз ай күткен ғой. Үкімет те, парламент те үндемегеннен кейін... президенттің өзі де білмеді. Осындай жағдайға ұшырады. Енді «бұлардың бәрін жастар жасады» деп отыр. Мен демограф ретінде өлген адамдардың барлығының орташа жасын жасап шықтым. Ничего подобного! Орташа жасы – 32-34-те. Арасында 53-58 жастағы ер адамдар да болған. Ішінде бір ғана бала бар. Онда да ол әкесімен бірге алаңға кездейсоқ барып қалған. Әлі де зерттеу керек. Шетпедегі жағдайлардың бәрін, – деді Мақаш Тәтімов.

Демограф «егер Жаңаөзендегі жұмыссыздық, демография мәселелері шешілмесе, оқиға тағы да қайталануы мүмкін» дейді.
125 мың тұрғыны бар Жаңаөзен тұрғындарының орташа жасы – 25 жас. Қаланың 50 пайызға жуығы – 15-35 жас аралығындағы тұрғындар.

Оның айтуынша, 125 мың тұрғыны бар Жаңаөзен тұрғындарының орташа жасы – 25 жас. Қаланың 50 пайызға жуығы – 15-35 жас аралығындағы тұрғындар. Мақаш Тәтімов Жаңаөзенді «Жаңазаман» деп атау керек деген ұсыныс айтты.

«ЖАҢА ҰЛТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСАТЫН КЕЗ»

Ал мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің айтуынша, Жаңаөзенде қарусыз адамдарға қарсы оқ атылуы – қылмыс.

Ол Жаңаөзен оқиғасы «жаңа қоғамдық сана-сезімнің қалыптасуына» әсер етуі керек деп, «жеке адамның қолына билікті беру тек қана құрдымға апаратынын» айтты.

– Біз жаңа ұлт ретінде, мемлекеттің нағыз азаматы ретінде қалыптасатын жағдайға келіп отырмыз, – деді Мұрат Әуезов қаңтардың 25-і күні.

«Бұл оқиға жайлы пікірлеріңізді неге дер кезінде айтпадыңыздар?» деген Азаттық тілшісінің сұрағына:

– Central Asia Monitor газетіне желтоқсанның 16-сы күні Желтоқсан жағдайын талдаған мақалам шықты. Мен ол жерде көтеріліс болғанын білген жоқпын. Бірақ соған душар ететініне көзім жетті. Мен ол туралы айттым, – деді.

Ол Жаңаөзен оқиғасынан кейін, желтоқсанның 17-сі күні «Қазақстан», «Хабар»,
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен полицейлерімен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен полицейлерімен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
«Қазақ радиосы» сияқты мемлекеттік ақпарат құралдарының журналистері хабарласып, сұхбат алғанын, бірақ пікірлерін эфирге шығармағанын айтады.

Мұрат Әуезов желтоқсанның 30-ы күні guljan.org сайтына берген сұхбатында Жаңөазенде мұнай қоры таусылып бара жатқанын, сондықтан өңірде жұмыссыздық деңгейі өсіп отырғанын айтып, қақтығысты халықтың нашар әлеуметтік жағдайымен байланыстырған.

– Кез-келген қақтығыс кезінде тонаушылық, арандату әрекеттерінің болатыны белгілі. Бірақ адамдардың соншалықты ашынуына не түрткі болды? Мәселе сонда, – деген еді.

Мұрат Әуезовтен Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты биліктің болжамын жақтап, мұны «бұзақылар жасады» деген зиялардың сөзіне қатысты пікірін сұрағанда:

– Ол ұят енді. Нағыз талант иесі еш уақытта мұндай іске бара алмайды. Өйткені барлығы көрініп тұр. Барлығы белгілі болып тұрғандықтан, баяғыдай «ішкендер, бұзақылар келді» деу – құдай берген таланты бар адам үшін ұят. Ол – талантты жоққа шығару, – деп жауап берді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG