Accessibility links

"Азовсталь" комбинаты.
"Азовсталь" комбинаты.

Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?

"Азов" командирі "Азовстальдан" 20 адамның эвакуацияланғанын хабарлады

Ресей әскерінің қоршауында қалған Мариуполь қаласындағы "Азовсталь" металлургия зауытынан 30 сәуірде 20 әйел мен бала эвакуацияланды. Бұл жөнінде "Азов" полкі командирінің орынбасары Святослав Паламарь видеомәлімдемесінде хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, сағат 11-ден бастап "Азовсталь" ауданы "тыныштық режимінде" болған. Бұл комбинат аумағынан адамдардың біраз бөлігін шығаруға мүмкіндік берген.

Паламарь эвакуацияланған азаматтар Украина бақылауындағы Запорожьеге кеткен шығар деп үміттенеді.

"Азовсталь", Мариуполь, 25 сәуір 2022 жыл.
"Азовсталь", Мариуполь, 25 сәуір 2022 жыл.

Сенбі күні ресейлік РИА Новости және ТАСС агенттіктері "Азовстальдан" 25 бейбіт тұрғын (алтауы бала) шыққанын хабарлаған. Телеграм арналардың жазуынша, Мариуполь түбінде БҰҰ мен Қызыл крест өкілдерінің қатысуымен зауыттан азаматтарды эвакуациялау мәселесі бойынша келіссөз басталған. Киев ақпаратты растаған.

Осы апта БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Келіссөзден кейін Ресей тарабы Путин БҰҰ мен Қызыл крест өкілдерінің қатысуымен Мариупольден бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға келіскенін хабарлаған.

Қазір Мариуполь Ресей әскерінің бақылауында. "Азовсталь" металлургия комбинатының аумағы ғана украиналық "Азов" батальонының бақылауында. Ол жақта әскерилерден бөлек, бірнеше жүз жаралы адам, бейбіт тұрғындар бар. Комбинат аумағында қанша адамның қалғаны белгісіз.

Украина зауыттағыларға Ресей әскері Киев бақылауындағы аумаққа эвакуациялануына мүмкіндік беруі тиіс дейді. Ал Ресей билігі украин әскері беріліп, ал бейбіт тұрғындар Ресей күштері немесе сепаратистер бақылауындағы аумаққа баруы керек деген.

Мариуполь билігінің мәліметінше, Ресей әскері қалаға басып кіргелі бері 20 мыңнан астам қала тұрғыны қаза болған.

Киев облысының полициясы Бучада жаңа зират тапты

Киев облысының полициясы Буча маңындағы орманнан жаңа зират тапқанын хабарлады. Бауырластар зиратында қолы байланған, көзі таңылған үш ер адамның мәйіті болған.

Облыстық полиция бастығы Андрей Небытов ер адамдар өлтірілмей тұрып азапталған болуы мүмкін деп болжайды. Олардың денесінен азаптау іздері байқалған. Оларды құлақтан атып өлтірген. Аты-жөндері анықталып жатыр. Жерлеу уақыты мен өзге де жайттарға қарағанда ер адамдарды Ресей әскері Киев маңында болған кезде жерлеген болуы мүмкін.

  • Бұл Ресей әскері кеткеннен кейін Киев облысынан табылған көптеген зираттардың бірі. Ресей Буча, Бородянск және Киев түбіндегі өзге қалалардағы қырғынға қатысы барын мойындамай келеді.
  • Украина билігінің айтуынша, Киев облысында Ресей оккупациясы кезінде қаза болған 1200-ден астам бейбіт тұрғынның мәйіті табылған.

Пентагон өкілі Путиннің "қатыгездігі" мен "азғындығы" туралы айтты

АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Джон Кирби 29 сәуірде журналистермен брифинг кезінде саясаткер Владимир Путиннің Украинаға қатысты әрекетін қатаң сынады.

Атап айтқанда, Кирби Ресейдің АҚШ және Батыс елдерінен "қауіп төніп тұрғаны" және Украинадағы "нацистер" жайлы мәлімдемесін "оғаш" әрі "қисынсыз" мәлімдеме деп атады. Кирбидің ойынша, нақты жағдайда Ресейдің өзі озбырлық көрсетіп отыр.

"Осы сарындағы [мәлімдемелерін] Украинада жасап отырған әрекетімен байланыстыру қиын: жазықсыз адамдарды атып жатыр, жүкті әйелдерді өлтіріп жатыр, ауруханаларды бомбалап жатыр. Бұл ардан безгендік" деді Пентагон өкілі.

Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Кирби Путинді "қатыгездігі" үшін айыптап, Украинадағы жағдайға жүрегі ауырмай қарай алмайтынын жеткізді. Парасатты адам, кемеліне келген лидер мұндай әрекеті үшін өзін ақтай алмас еді деді.

"Оның психологиясы туралы айта алмаймын, бірақ бәріміз оның азғындығы туралы айта аламыз деп ойлаймын" деді Джон Кирби.

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Пентагон өкілінің сөзін "намысқа тиетін" сөздер деп атап, оған жол беруге болмайтынын жеткізді. Антоновтың пікірінше, АҚШ Киев режимінің "қылмысына көз жұма қарайды".

  • 2022 жылы наурыз айында АҚШ президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинді "әскери қылмыскер" деп атаған. Ал бұған жауап берген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "бомбалауының салдарынан әлемде жүз мыңдаған адам қаза болған мемлекет басшысының мұндай тіркесті қолдануына жол беруге болмайды" деген.

Сенбіге қараған түні Харьковте аурухана атқылауға ұшыраған

"Соның нәтижесінде аурухананың бетон конструкциялары мен терезе жақтаулары жартылай қираған. Бесінші қабатта өрт болған" деп хабарлады Харьков облысының төтенше жағдай министрлігі.

Ешкім зардап шекпеген. Атқылаудың салдарынан аурухана маңындағы тұрғын үйлер бүлінген.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG