Шілденің 15-інен бастап Қазақстанда Еуро-2 халықаралық және экологиялық стандарты енгізілді. Автокөлік құралдары шығаратын газдардың улы заттарын шектеуді көздейтін бұл жаңа норма автокөлік техникасы үшін жасалатын жанармайға қойылатын талаптарды күшейтеді.
Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі мамандарының айтуынша, аталмыш норманың енгізілуі қоршаған ортаға аса көп зиянды заттар шығаратын көліктерді бірте-бірте азайтып, экологияны жақсартуды көздейді. Әйткенмен де, тәуелсіз жүргізушілер одағы үкімет автокөліктерді аталмыш нормаға сәйкестендіріп, бірақ оларға керекті жанар-жағар майдың жоқтығын ұмытып кеткен секілді деп отыр.
Қазақстанда шілденің 15-інен бастап Еуро-2 халықаралық және экологиялық стандартына сәйкес келмейтін автокөліктерді сырттан елге әкелуге ресми түрде тыйым салынды. Бұл туралы Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі хабарлады.
Көлік және қатынас жолын дамыту басқармасының бастығы Төлен Қоңқақовтың айтуынша, бұл норманың негізгі мақсаты – қолданыстағы көліктердің түтінінен шығатын зияынды қалдықтардың көлемін шектеу.
«Ғалымдардың айтуынша, түтіннің құрамында 200-ден астам адам ағзасына зиянды заттар бар. Еуро-2 стандартын біз енгізген жағдайда алыс-жақын шетелдердегі адам денсаулығына зиян автокөліктердің барлығы Қазақстанға кіргізілмейді. Бұл норма әлемнің 35 мемлекетінде қолданылып қойған. Мысалы, Америкада ол 1996 жылы енгізілсе, 1997 жылы Еуроодақта енгізілді. Сонымен қатар Ресейде, Молдовада, Өзбекстанда, Қытайда енгізілген», – дейді Көлік және коммуникация министрлігінің өкілі.
Алайда елдегі пайдаланылып келе жатқан көліктерге жаңа стандарт бойынша талап қойылмайды дейді ол.
«Еліміздегі автокөліктер тозығы жеткенше істей беретін болады. Біздегі көліктердің көбісі 1991-1990-шы жылдары шығарылған көліктер. Олар, әрине, Еуро-2 стандартына сәйкес келмейді. Бірақ, біз оларға көлікті тоқтатасыңдар, сатасыңдар деп айта алмаймыз», – дейді Төлен Қоңқақов.
Әйткенмен үкіметтің жаңа стандартты енгізуіне қатысты сыни пікірлер де айтылып жатыр. Қазақстанның автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков бұл норманы енгізбестен бұрын үкімет әуелі мұнай өнімдерінің сапасын жақсартып алуы қажет болатын дейді.
«1997 жылдан бастап Еуропадан, 1998 жылдан бастап Америкадан әкелінген көліктер Еуро-2 стандартына сәйкес келеді. Бұл стандартты енгізе отырып, біздің шенеуніктер сау басына сақина тілеп алды. Еуро 2-3-4 стандартына сәйкес келу үшін көліктің двигателі, т.б. бөлшектері соған сай болуы керек. Екіншіден, жанар-жағармай да соған сәйкес келуі керек. Ал бүгінгі таңда қандай болып отыр? Біздің автокөліктер елдегі жанар-жағармай станцияларындағы сапасы нашар жанар-жағармайға тұтығып, жүргізушілер көліктерін қайта-қайта жөндетуге мәжбүр болады. Ол жай көлік түгілі, еуростандартқа сәйкес келетін көліктердің өзін істен шығарады. Сол себепті ең алдымен біздегі мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту керек», – деп санайды Эдуард Эдоков.
Жекеменшігінде ескі автокөлігі бар алматылық жүргізуші Есен Айдар Еуро-2 стандартының енгізілуін онша жақтамайды:
«Әрине, экологияны сақтау керек, оған дау жоқ. Бірақ, әр мемлекет өзінің жай-күйіне қарауы керек. Еуро-2 стандарты халық үшін жақсы нәрсе деп ойламаймын. Стандартқа сай шетелдің қымбат машиналарын сатып алуға халықтың көбінің шамасы келмейді. Ал егер шетелден келетін машиналар ағыны тоқтатылатын болса, онда қарапайым халық жаяу қалуы керек пе?! Бізде бір көлікке сүйеніп, соның арқасында бала-шағасын бағып жатқан адамдар көп. Меніңше, үкіметіміз бұл істе ерте қадам жасап қойған сияқты. Оны енгізуден бұрын халықтың жағдайын ойластырып алу дұрыс болар ма еді, кім білсін?! Еуропаның халқын бізбен салыстыру мүмкін емес – айырмашылығымыз жер мен көктей».
Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда 3,2 млн данадан астам көлік бар. Мамандардың сөзіне қарағанда, оның 85 пайызын – ескірген автокөліктер құрайды.