Осы аптада Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса 70 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Азаттық Нобель сыйлығы иегерінің өмірін шолып шықты.
Орталық және Шығыс Еуропадағы советтік жүйенің тезірек құлауына себепкер болған Лех Валенса - атақты диссидентердің бірі.
Ол 1980 жылы Польшаның Гданьск қаласындағы кеме жасайтын зауыт жұмысшыларының құқығын қорғап, үкіметке қарсы кампания ұйымдастырды.
Оның саяси қызметі Польшадағы коммунистік режимнің құлауына ықпал етті, Орталық және Шығыс Еуропадағы азаттыққа жасалған алғашқы қадам болды.
ҚАРАПАЙЫМ ЭЛЕКТРИК
1980 жылы тамыздың 14-і күні Лех Валенса Ленин атындағы кеме зауытының жұмысшылар ереуіліне қосылды.
Жұмысшылар азық-түліктің қымбаттуына және басқа да әлеуметтік проблемаларға қарсы шеруге шыққан еді.
Ереуілге қосылғаннан 17 күн өткенде Валенса «Енді біздің тәуелсіз кәсіподағымыз бар. Енді біздің қарсыласуға құқығымыз бар!» деп мәлімдеді.
Ол жұмысшыларды шеруге шығуға үгіттеді және Польшаның коммунистік үкіметін ереуілге кедергі жасамауға көндірді. Дәл мұндай қозғалыс Варшава келісім-шартына қол қойған елдердің ешқайсысында бұған дейін болмаған еді.
Ол социалистік елдегі алғашқы тәуелсіз кәсіподақ - «Солидарность» қозғалысының құрылуына тікелей ықпал етті. Бірнеше айдың ішінде оларды қолдап, мүшелікке өткен халықтың саны 10 миллионнан асып кетті.
Осылайша жоғары білімі жоқ, қарапайым электрик Орталық және Шығыс Еуропадағы коммунистік режимнің құлауына әкелген алғашқы қадамды жасайды.
КҮРЕСПЕН ӨТКЕН 30 ЖЫЛ
Батыста оны адам құқықтары мен бостандық үшін күресуші тұлға ретінде танығанымен, Польшаның өзінде ол жайындағы пікірлер әртүрлі. Отандастары арасында оның ел басқару әдісін сынайтындар көп. Лех Валенсаны «бұрынғы коммунистік билік өкілдерімен байланыс орнатты» деп те айыптайды.
Валенса 1943 жылы Гданьск қаласының маңындағы Попово (Popowo) ауылында дүниеге келген. Ол 1967 жылдан бастап Гданьск қаласындағы кеме шығаратын зауытта жұмыс істеді. Осы тұста Польшада студенттер ереуілі басталды. Үкімет бұл шерулерге қарсы, студенттерді айыптайтын, жұрт мәжбүрлікпен қатысатын ресми митингілер ұйымдастырды. Валенса жұмысшыларды үкімет ұйымдастырған бұл шерулерге байкот жариялауға үгіттеді.
1970 жылы ол зауыттағы заңсыз шеруді ұйымдастырушылардың біріне айналды. Үкімет бұл жолғы толқуды күшпен басқанда 30 шақты жұмысшы қаза тапты. Бұл оқиғалар Валенсаны одан сайын ширықтыра түсті.
1970 жылдары ол жасырын ұйымдармен, шерушілермен және басқа да топтармен тұрақты байланыс орнатты. Қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Лех Валенсаны үнемі аңдып отырды. 1976 жылы оны зауыттағы жұмысынан шығарып жіберді.
1980 жылы «Солидарность» кәсіподағы құрылған соң, елдегі саяси ахуал шиеленісе түсті. 1981 жылдың желтоқсан айында әскери басшылар кәсіподақ қызметін заңсыз деп тауып, Валенсаны 11 жылға соттайды. Ол Польшаның СССР-мен шекаралас жеріндегі түрмеде бір жылға жуық отырды.
Белсенділер тағы да жасырын жұмыс жасауға мәжбүр болғандай еді, бірақ осы кезде оларға Батыс елдері тарапынан қолдау жасалды. Еуропаның бірнеше мемлекеті мен Валенсаның отандасы - Польшадан шыққан Рим папасы Иоанн Павел II, яғни католик шіркеуі диссидентке қолдау білдірді.
1983 жылы Лех Валенсаға Нобель сыйлығы берілді. Бүкіл әлем осы оқиғаны жазып жатқанда Time журналы мен басқа да әлемдік басылымдар оны «Жыл адамы» деп жариялады.
1989 жылы саясаткерге халықаралық деңгейде танылуға тағы бір мүмкіндік туды. Ол бұл жолы да коммунистерден айласын асырды. Польшада саяси жағдай шиеленіскен кезде коммунистер Лех Валенсаны «Солидарность» қозғалысының өкілі ретінде келіссөзге шақырды. Бұл келіссөздер нәтижесінде тәуелсіз кәсіподақтың қызметін заңдастыратын, билікті экономикалық және саяси реформалар жүргізуге міндеттейтін 400 беттік келісімге қол қойылды.
Бұл келісімнің арқасында сол жылы Польша парламентінің жоғары палатасына және төменгі палатасының 35 пайыз орнына еркін сайлау өтетін болды.
Лех Валенсаның беделінің арқасында «Солидарность» қозғалысы бұл сайлауда жеңіске жетті. Саясаткердің өзі парламент сайлауына қатысқан жоқ. Бірақ одақтастарының елді коммунистермен бірігіп басқаруға дайын екенін көргенде оның бұл жеңістен көңілі қалды. Лех Валенса 1990 жылғы президент сайлауына түсуге шешім қабылдады.
ПОЛЬША ПРЕЗИДЕНТІ - ЛЕХ ВАЛЕНСА
Лех Валенса «Президент болғым келмейді. Бірақ басқа амалым жоқ!» деген ұранмен сайлауға түсті. Оған сайлаушылардың 74 пайызы дауыс берді.
Валенса 2010 жылы тамыз айында Гданьск қаласындағы «Солидарность» қозғалысының 30 жылдығына орай өткен басқосуда «Сол кезде маған біреу «Польшада коммунистер болмайтын заманды көзбен көресің және Польша тәуелсіз ел болады» десе, мен оған сенбес едім» деді.
Валенса Польша президенті болғаннан кейін халықтың оған деген ықыласы суый бастады. Ол билік жүргізген бес жыл ішінде коммунистік режимге қарсы шерулер ұйымдастыру, келіссөздер жүргізу мен экономикалық және әлеуметтік проблемаларды мемлекет басында отырып шешудің арасында көп айырмашылық бар екенін ұқты.
Ол Совет әскерін Польшадан шығару жайлы келіссөзде мақсатына жетті. Польшаның сыртқы қарыздарын азайтуға да қол жеткізді. Польшаның НАТО мен Еуропа Одағына қосылуы сияқты күрделі шараларды да бірінші болып қолға алды.
Бірақ Валенса президенттік қызметтің жағымсыз жақтарын да көрді - «Солидарность» қозғалысының бұрынғы одақтастарымен үнемі күресіп отыруға тура келді, ол туралы «билікқұмар», «дөрекі» және «елді басқаруға лайық адам емес» деген пікірлер тарай бастады. Яғни «жоғары білімі жоқ, сегіз балалы жұмысшы» Польшаны Батыс әлеміне жетектеуге лайықты болмай шықты».
Оның БАҚ-ты тиімді пайдалана алмауы да жағдайды шиеленістірді. Ол туралы ел арасында «тәкаппар» деген пікір орнықты. Осының кесірінен Валенса 1995 жылы президент сайлауында жеңілді. 2000 жылы тағы да сайлауға түсіп, бір-ақ пайыз дауыс жинады.
Осындай сәтсіздіктерден кейін ол саяси қызметін тоқтатып, әртүрлі университеттер мен ұйымдарда, негізінен шетелдерде лекция оқуға көшті. Өйткені, шетелде оның еркіндік жолындағы күрескер абыройына нұқсан келмеген еді.
1970 жылдары оған қатысты «коммунистердің құпия полициясының тыңшысы болды» деген айыптар айтылды. Валенса ол айыпты үнемі жоққа шығарумен келеді. Бірақ 2011 жылы ол The Guardian басылымына берген сұхбатында қауіпсіздік коммитетінің өзімен сөйлесіп тұрғанын мойындады. Бірақ «Мен ешқашан олардың жағына шыққан емеспін» деп мәлімдеді.
«Солидарность» қозғалысының жетекшісінен мұраға музей қалды - Гданьск қаласындағы оның үйіне туристер жиі барады. Туристердің көбі Лех Валенса атындағы халықаралық әуежайдан осында кеме зауытын көруге келеді.
Ол жұмыс істеген шеберхана мен зауыттың қабырғалары әлі тұр. Бірақ күн сайын көбейіп бара жатқан кеңселер мен дүкендер, тұрғын үйлердің жаңа ғимараттары оларды көрсетпей бүркеп барады. Ал шеруге шыққан жұмысшылар мен гүрілдеп жататын крандардың дауысы әлі де тарих қойнауынан жаңғырып тұрғандай.
Пикард Жашиактың мақаласын ағылшын тілінен аударған - Сағынай Кәрім.