Қаңтардан бері комада жатқан сарбазды Алматыдан Астанаға ауыстыруды сұрап, министрге өтініш жазған ата-аналары енді бұл ойдан айнып отыр. Айтуларынша, Ербаян Мұхтар алыс жолға жарамайды. Алайда дәрігер сарбаздың денсаулығы тасымалдауды көтере алады дейді.