Алматыда бір топ аниматор жеті айдан бері жалақы ала алмай жүргендерін айтып, Қазақфильм киностудиясының алдында наразылық білдірді. Жиналғандар компания директорының шығуын талап етті. Қазақфильм басшылығы мәселені Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына сілтейді.
АҚШ-тың бұрынғы президенті және республикалық партия атынан алдағы президенті сайлауына қатысатын Дональд Трамп 13 шілдеде Пенсильвания штатында сайлауалды митинг кезіндегі оқиға кезінде жараланды. Оқиға қастандық ретінде тергеліп жатыр.
Журналист, "Не дейді?" YouTube арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрімнің қамауда жатқанына 1 жылдан толық асты. Қоғамдық-саяси оқиғалардан хабар таратып, жеке арнасын жүргізген журналиске "Экстремизмді қаржыландыру" және "Тыйым салынған ұйым жұмысына араласу" баптары бойынша айып тағылған.
Алматыда оппозициялық белсенді Айдос Садықовты еске алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке жиналмақшы болған белсенділердің жолын полиция бөгеді. "Қарағайлы" саябағын жөнделіп жатыр деген полицейлер аумақты қоршап тұрды. Белсенділер мұны әдейі жасалған әрекет деп біледі.
Кешелі бері Қазақстан астанасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің саммиті өтіп жатыр. Оған қатысуға басқа басшылармен қатар Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин келді. Осы жолы ұйым құрамына Беларусь қосылмақ.
Желіде Украинада қастандыққа ұшырап, екі аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатып көз жұмаған Айдос Садықовтың қазасын «Қазақстан билігіне қарсы ұйымдастырылған әрекет» деп бағалап жатқандар бар. Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Владимир Козлов оны тапсырмамен жасалған науқан деп санайды.
Қарақалпақстанның егемендігі мен Өзбекстан құрамынан шығу құқығы туралы баптарды Конституциядан алып тастауға бейбіт қарсылықты билік күшпен басып, аяғы үлкен қантөгіске ұласқан Нөкіс оқиғасына биыл екі жыл толды.
Азаттықтың Әзербайжан қызметі – Азадлыг жүргізген зерттеу Каспий теңізінің жағалауына салынған элиталық үйлерді "заңдастыру" туралы жақында қабылданған заң небір қызыққа толы екенін көрсетті. Бұл президент Илхам Әлиевтің бұрынғы күйеубаласы Эмин Агаларов пен ресейлік олигархтың Каспий теңізінде Caspian Dream Liner деп аталатын зәулім кеме салу жобасын бастаған ұлына тиімді болып отыр.
Қырғызстанның Ош облысында тасқын салдарынан сегіз адам мерт болған. Оның төртеуі – кәмелетке толмаған қазақстандық балалар.
Президент жанындағы комиссия қамаудағы Кәрім Мәсімовке кешірім бермеу керек деген ұйғарымға келген. Соңғы сөз Қасым-Жомарт Тоқаевта.
АҚШ мемлекеттік департаменті 2023 жылды қорытатын Халықаралық дін еркіндігі есебін жариялады. Қазақстан туралы бөлімінде елде діни сенімі үшін мемлекеттен қысым көру фактілері баяндалған, оң өзгерістер де аталған.
Алматыда сейсенбі күні автобус апатқа ұшырады. Ауыр жарақат алған бір адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Жиырмадан аса кісі зақымданып, төртеуі ауруханаға жатқызылды. Апаттан соң қаладағы қоғамдық көлік қауіпсіздігінің нашарлығы туралы айтыла бастады.
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция бойынша алғашқы отырыс өтті. Әзірше нақты нәтиже жоқ.
Шанхай кинофестивалінде қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың "Талақ" фильмі жеңімпаз атанды. "Ең үздік әйел рөлі" де осы фильмде ойнаған актрисаға берілді.
Ресейдің Дағыстан республикасында теракт болып, жиырмада астам адам қаза тапты.
Тағы